МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРҒА (с.ғ.с.) САЛАУАТ

6
14767

“Сөздердің ең жақсысы Алланың кітабы,
жолдардың ең дұрысы Мұхаммедтің жолы”
/хадис/

Бисмиллахир – Рахманир – Рахим! “Пайғамбарға, Аллаһ ақиқатында да рахымын аямайды, періштелер де Пайғамбарға жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға сендерде аман – саулық, жақсылық тілеңдер (өйткені ол сендерді адасудан құтқарып, тура жолға бастады, қараңғылықтан жарыққа шығарды)” деген Жаратушы Алла Өзінің нұрлы жаратылысына періштелерді де бас игіздірген. Ғашықтық сүйіспеншілігімен “Хабибім” яғни “Сүйіктім” деген. Алланы сүй, бірақ Алланың нұрын бойына жиған, ғаламға қайталанып келмейтін дара тұлға пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Жаратушымыздың Өзі рахымын аямайды. Аллаға бағынуымыз – Мұхаммедке (с.ғ.с.) бағыну! “Кім Пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады” Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың үмметінен болғанымызға мың шүкір! Хадис Құдси: “Егер сені жаратпағанда дүниені жаратпас едім” яғни Расулуаллаһтың құрметімен біз жаратылдық. Жаратылыс атаулыдан әуелі Расулуаллаһтың нұры, содан соң басқа дүние жаратылды Расулуаллаһтың нұрынан!
Пайғамбарлық Алланың ең сүйікті құлына берген мәртебесі. Сондықтан Алланың сүйіспеншілігін жүрегімізге орнатып, мәртебелі пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұлықтау – үлкен парыз! Ал есімін атаған сайын /Оған Алла тағаланың сәлемі мен игілігі болсын!/ яғни /салаллаһу ғалейхи уә сәллам/ салауатын айту – сауапты амалдардан! “Алладан басқа тәңір жоқ!” – деп айтқан адам “Мұхаммед Оның Елшісі!” деп мойынсұнбаса, толық иман келтірмеген мұсылман. Яғни “Әшһәду ән лә иләһә илла Аллаһ уә әшһәду әнна Мухаммәдән абдуһу уә раслулуһу”. Кемеңгер: «Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ, Мүмин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ…» – деп, он төрт ғасыр бұрын ғұмыр кешіп кеткен пайғамбарымызды (с.ғ.с.) таныған Абай Оның: “Жомарт – Аллаһқа, жәннатқа және халыққа жақын, жәһаннамнан алыс. Сараң – Аллаһтан және ел – жұрттан алыс, жәһаннамға жақын” деген хадисінен “Бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық бол” дегені “бір қолыңа сенсең де екінші қолыңа сенбе” дегендей. Ал одан бұрын:
Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммед,
Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммед!
Аш – жалаңаш жүргенге қанағат берген Мұхаммед,
Үмматына рақым ғып шапағат берген Мұхаммед!
Түні бойы көз ілмей таң атырған Мұхаммед,
Ғаріп пенен жетімге жанашыр болған Мұхаммед!
Тура жолдан тайғандар тағылым көрген Мұхаммед,
Зәру боп келген адамдар қайырым көрген Мұхаммед!
Әбу Жәһіл, Лахабқа қарғысын айтқан Мұхаммед,
Жүрегі таза үмматқа алғысын айтқан Мұхаммед!
Ораза, намазы бүтіндер киелі тұтқан Мұхаммед,
Қолынан тәспі түспеген тірегі тұтқан Мұхаммед!
Шайтан, малғұн, ібіліс жоламай қашқан Мұхаммед,
Шариғаттың жолымен нұр – сәуле шашқан Мұхаммед!
Дұғалары қабыл боп өтетұғын Мұхаммед,
Жамандыққа жақсылық ететұғын Мұхаммед!
Таупық берген залымға инабатты Мұхаммед,
Сәждеден басы кетпеген ибадатты Мұхаммед!
Аршы – күрсі үстінде сайраңдаған Мұхаммед,
Сегіз пейіш ішінде жайраңдаған Мұхаммед!
Міскін Ахмет үмматы таңырқаған Мұхаммед,
Жетім, пақыр, ғаріпті жарылқаған Мұхаммед! – деп Қожа Ахмет Яссауи да пайғамбарды ұлықтаған. Бір ғана мысал, пайғамбарымыздың шарапат – шапағат жақсылығы адамдарға, жын – шайтандарға, барша мақлұқ иесіне дарыған. Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұйқысынан оянып, орнынан тұрайын десе, киімінің шетінде ұйықтап жатқан мысықты байқайды. Мейірімділігінің шексіздігі соншалықты жатқан мысықты ұйқысынан оятпайын деп, шапанының етегін қиып, орнынан тұрған екен. Тағы да бірде Расулуалла (с.ғ.с.) Миғраж түнінде яғни Арш әлемін саяхаттаған кезінде сансыз, есепсіз басы, беті, ауызы, тілі бар бір періштені көреді. Сонда Оған Жабрайл (ғ.с): «Бұл періште жер бетіндегі барлық ағаш – өсімдікті, әр дарияның су тамшысына дейін біледі, қар-жаңбырдың түрін, құм түрін, құм-топырақтың санына дейін біледі» – деген екен. Ендеше, ел намысын қорғаған ердүрек мейірімділіктен айырылып, жауына кешірімін аяса, батыр атанғанмен, басымызға бейбітшілік орнамас. Халқының қалаулысы еліне тәкаппарлық танытып, кішіпейіл де салмақты болмаса, ер азаматы атанғанмен арада татулық болмас. Байқуатты адам кедейге рақымы болмаса, дүние екіге бөлінер, бірақ одан мәңгілік ешкімге байлық қалмас. Дүниенің жартысын еңсеріп, қартайған шақта ең құрымағанда Құран оқып, оны балаларына үйретіп, пайғамбарды (с.ғ.с) танытпаса, қалған ғұмырдың мәні болмас. Сондықтан, Алланың ерекше де қасиетті мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың хадистерін оқып, өскелең келешек ұрпағымыз оның көркем мінезінен үлгі алса, пайғамбарымызға (с.ғ.с) мың салауат болады. Алла тағала Оның әдебі мен тәрбиеленуімізді нәсіп етіп, шапағатына лайық қылсын! Әумин!

 

 

6 ПІКІРЛЕР

  1. Ассалаумагалейкум Рахматуллаhу уа барахатуh. Пайгамбарымыз Мухаммедге деген Алланын ол кисиге салеми мен йгилиги болсын баршамызга Жаннат есиги насип етсин Амин

  2. Святого ни чего НЕТ. В Торгайском Регионе Костанайской области. Акимы районов и ИМАМЫ МЕЧЕТИ давным давно КОРАН превратили в — бизнес книжку — это факт. Продается Мечети. ..подробно 8701 816 5721. А самое главное им НИ чего не было. со стороны ДУМК и правоохранительных органов власти. ЭТО ФАКТ.

  3. Аллахтың сүйікті құлы Мұхаммед (с.ғ.с) оған бизден салауат айтылсын,осы сүйікті пайғамбарымызға еріп ҚожаАхмет Яссауи бабамыз жане баршамыз жәннәттық болайын. Әмин!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз