«ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІН» БІРГЕ ТАҢДАЙЫҚ

5
1375

Бүгін, қарашаның 15-күні сағат 22:00-ден бастап lubimec.kz порталында «Халықтың сүйіктісі – Народный любимец» Ұлттық Сыйлығы байқауының жеңімпазын анықтау мақсатында үздіктерге финалдық дауыс беру науқаны басталады.  Дауыс беру 25 қарашаға дейін жалғасады. Финалға әр номинациядан төрт үміткерден іріктеліп алынды.

Картинки по запросу народный любимец

Аталмыш байқау 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Әр жылдары аталмыш байқауда Геннадий Головкин, Әсет Исекешов, Арман Шораев, Аружан Саин, Баян Есентаева секілді есімі елге танымал тұлғалар жеңімпаз деп танылып, «Халықтың сүйіктісі» деген атаққа қол жеткізген болатын.

  Атап өтерлігі, биылғы жылы «Үздік публицист» номинациясы бойынша «Қазақ үні» газеті басшысы, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Халықаралық С. Есенин атындағы сыйлық  иегері, өткір публицист Қазыбек Иса да  халық таңдауымен финалға шығып отыр.

Сонымен қатар, финалистер ішінде әр саладан белгілі тұлғалар бар. Академик-дәрігер Камал Ормантаев, әйгілі  боксшылар Қанат Ислам мен Данияр Елеусінов, Мәжіліс депутаттары Нұртай Сабилиянов пен Мәулен Әшімбаев,  блогер Серік Абас-Шах, саясаткер Әміржан Қосанов, киногерлер Әділ Ахметов пен Тимур Бекмәмбетов, әншілер Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас, тележүргізушілер Ләйла Сұлтанқызы мен Гүлмира Дайрабаева, т.б. бар

Құрметті «Қазақ үні» порталының оқырмандары! Дауыс беруге шақырамыз! «Халықтың сүйіктісін» бірге таңдайық!

Ол үшін мына сілтемені басуларыңыз қажет:  http://lubimec.kz/golosovanie.html

5 ПІКІРЛЕР

  1. Қазақ мақтауға тұратын кімді болсын: «Бір сырлы, сегіз қырлы» деп бағалаған. Сол нақылды еске алып: Қазақ халқына бір сырымен де, сегіз қырымен де адал қызмет етіп жүрген Азамат Қазыбек Исаны «Халықтың сүйіктісі!» десек, әлбетте, әділ шешім болады. :oilanu:

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз