Алматыда тегін азыққа алданған жұрт дүкенде жалаңаш жүр (Видео)
2016 ж. 13 қараша
4635
5
Танымал журналист Ирина Советжанқызы өзінің Инстаграм парақшасында "Аш-жалаңаш деген осы шығар" атты видеомен бөлісті. «Қамшы» порталы хабарлағандай, Алматыдағы сауда үйлерінің бірі жалаңаш кіргендерге 5 мың теңге көлеміндегі азық-түлікті тегін береміз деген шарт қойған. Видеодан біраз жұрттың жалаңаш жүргені көрінеді.
Оқиғаның қашан болғаны белгісіз. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудыруда.
Пікір қалдырушылардың бір бөлігі мұндай акцияның студенттер үшін пайдалы екенін айтса, екінші тарап өз атын шығару үшін осындай қадамға барған сауда үйін кінәлауда. Шешініп тастаған адамдардың арасында қыз-келіншектер де бар. Айта кетер болсақ, бұлай "жұртты жалаңаштау" өткен жылдары Ресейде тіркелген еді.
https://igcdn-videos-c-18-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpa1/t50.2886-16/15033266_328869194159738_3423110869309980672_n.mp4