Серік Абас-Шах: Тележүргізуші әдемі, алаяқ, сақау болғандықтан ғана эфирге шықпаса керек-ті...

Танымал продюсер Серік Абас-Шах эфирдегі тележүргізушілерді сынға алып, өз ойын  Instagram-дағы парақшасында жариялады. NUR.KZ продюсердің жазбасын назарларыңызға ұсынады.

Картинки по запросу серік аббас шах

«Телеарнаны (тележобаны) қазақша болғандықтан емес, қызықты әрі мағыналы болғандықтан тамашалау керек.

Тележүргізуші әдемі болғандықтан ғана, «көкесі» болғандықтан ғана, екіжүзді алаяқ болғандықтан ғана, сақау болғандықтан ғана, бастықтың тілін тапқандықтан ғана эфирге шықпаса керек-ті. Бағдарлама жүргізуге ділмар тілді, терең білімді, айтары мол тұлға ғана лайықты.

Р.S. Өкінішке қарай, әдемі сөйлеп, әдемі көрінгісі келетін жүргізушілер (бәрі емес, басым көпшілігі) эфирге емес, эфирдегі өз бейнесіне "өлердей ғашық". Олар көрермен алдындағы жауапкершілікті емес, танымалдық жолмен табатын ақшасын бірінші кезекке қояды. Жоғарыдағылар жат десе жатып, тұр десе тұрып, үр десе үре жөнелетін, өзіндік ұстанымы жоқ, "ләббай тақсырлы орындағыш-пысықайларға" тұлғалық қасиет қайдан қонсын?

Айтпақшы: Ешкім тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады».