Қытайдағы қазақ баласының шығармасы желі қолданушыларын елжіретті

Қытайдағы қазақ баласының күз туралы жазған шығармасы желі қолданушыларын жылатты деп хабарлайды NUR.KZОқушының жазған шығармасынан үзіндіні белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің желідегі парақшасына жүктеген.

Картинки по запросу листья падают

"Жапырақ өмір! Мен жапырақты жек көремін. Анашым көше тазалықшысы, ол осы айда қатты жүдеп кетті. Көшені бүгін сыпырып қойса, ертесі тағы жапырақ жауып қалады. Әбден титықтады... Жапырақты жек көремін! Жапырақ анамның маңдайынан аққан тері секілді. Әр рет ағаштан түскен жапырақты көрсем анамның маңдайынан аққан тер көз алдыма келеді. Жапырақ ақындарға ұнайтын шығар бірақ маған ол жауып жатқан сор сияқты. Шіркін, жапырақ түспейтін болсашы!..", - деп жазған қыз бала.

Ал бұны оқыған қолданушылар жүректері езіліп, көздеріне жас алғанын жарыса жазуда.