Желтоқсан жаңғырығы: әйгілі суреттегі қазақтың қайсар қызы кім?

Біз Желтоқсан көтерілісіне қатысқан батырларымызды білеміз бе осы? Олар қазір қайда жүр? Оларға қаншалықты құрмет көрсетіліп жатыр? 

Мына суретте екі жағынан екі жендет дедеңдетіп әкетіп бара жатқан мына қазақтың қызының аты – Анар Рақымжанова екен. Фейсбуктен таптық. Халықтың оған деген ықыласы да ерекше, - деп жазады 365info.kz.

Бұл ретте  әлеуметтік желі қолданушысы Раушан Қалмомынұлының осы суретке қатысты мына бір жазбасы жылы дүние екен.

«Осы бейне менің қалтамда жүрді, әскерде (суретті айтады). Сарғайған газет қиындысы. Кім бергені есімде жоқ, ол кезде Кеңес дәуірі болса да біз қазақ екенімізбен басқалардан ерекшеленіп тұратынбыз. Кеңестік жүйеге бой бермей өзіміздің мықтылығымызды дәлелдеп жүрдік. «Талай қиын сәттерде мына қыздан қай жерің кем, Раушан?» деп өзімді өзім қайрап, жігерленіп алатынмын. Жендеттердің ұстап алып бара жатқанның өзінде қандай паңдықпен өр мінезділігін көрсетіп бара жатыр. Қазақтың қыздарының өзі кеудесін басқызбаған. Рухтарың шат болсын!»

деп жазыпты Раушан Қалмомынұлы. 

Алайда, "Желтоқсан қарлығаштары" ұйымының төрайымы Гүлбахрам Жүніс бұл суреттегі адамның өзге жан екенін алға тартты. Гүлбахрам Жүністің өзінің фейсбук парақшасында жазған постын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

"Анар кешірерсіз, қандай суреттеріңізбен дәлелдедім деп отырсыз?! Біздерге сол суреттеріңізді жіберсеңіз және 30 жыл бедерінде демей-ақ қояйық, бергі 25 жыл бедерінде неге шықпадыңыз, неге дәлел жазбадыңыз???!!! Бұл сурет экспертизадан өтіп дәлелденген, осы пальтосымен, осы шаш үлгісімен естелікте қалған, бұл күні марқұм болған АРУ ҚЫЗЫМЫЗ - СҰЛУХАН НАЗАРОВА БҰЛ!!! Осы пальтомен, осы шаш үлгісімен түскен сол 1986 жыл, 16-18-ші желтоқсан айына дейін түскен бір суретіңіз бар ма?! Ал Сұлухан Назарованың суреттері бар! Құрбы-достарымен осы формада түскен суреттері бар, экспертизада дәлелденген!!! Бұған не дейсіз Анар???!!! Жауабыңызды және суреттеріңізді күтеміз!!! 8-7759531324, хабарға шығыңыз".

12346390_1657567524502109_4348602260766139149_n

Анар Рақымжанова 

yl3rdahkkck