Аңсаған Мұстафа: Еркектер мені жек көреді

1
1868

Танымал суретші Аңсаған Мұстафа ikerim.kz сайтына сұхбат бері, қоғамдағы түйткілді мәселелер туралы сөз қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның айтуынша, әйел адам баланы өзінің жағдайына қарап туу керек. Себебі, еркек тасап кетуге ниеттенетін болса, онда ол ешнәрсеге қарамайды.

«Еркектердің ішінде қызды әйел қылып алған соң «Енді менікі. Не істесем де өзім білем!» — дегенді миларына құйып алатындар бар. Солардан қорлық көріп жүрген, оқу оқып үлгермеген қыздарымыз жетерлік. Мен қыздарға: «Күйеуге тигенің жақсы, бірақ әке-шешең сені оқытты-тоқытты. Үлкен адам болсын деп үміттенді. Күйеуің ұрып жатса шыдап жүре бермей полиция шақыр! Олар келіп оны түрмеге әкетеді, сол жерде басқалары оның сазайын тарттырады»-деп айтып жүремін», – дейді ол.

Оның айтуынша, еркектер Аңсаған Мұстафаның сөздерін ащы шындықты айтатыны үшін жақтырмайды, тіпті жек көреді екен.»

«Және қыздарға тағы бір айтарым, баланы тек өздерің үшін туасыңдар! Бір баланы бір әйел асырай алады, оған келісемін. Ал екіншісін аяғыңа нық тұрғанда ту, үшіншісін оның да адам болатынына сенімің жеткенде жоспарла. Еркек тастап кетемін десе, бала санына қарамайды! Көп баламен далада қалып, өздеріне қол жұмсағандар баршылық қой, олардың балалары жетім болып қалып жатыр. Міне, соларға обал ғой, – деген ол қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне бей-жай қарамағанды жөн санайды.

Сұхбаттың толық нұсқасын ikerim.kz сайтынан оқи аласыздар.

1 Пікір

  1. Өзінің күиеуі жоқ шығар.болсада тірі жан шығар.Кім əиелін текке ұрады ұрса себебі бар.Үилену оңай Үи болу қиын деген сөз бекер емес шығар.Шыдау керек ақылмен түсінісу керек.1-2 қол көтерді деп кетсең өз жанұяң бұзылады.Аңсаған ның еш нəрсесі кетпеиді.Сол үшін адалдық түсіністік болса бəрі жақсы болады бауырлар.Бір бала болсада тірі жетім болмасын.Қазір Аңсағандар көп арандап қалмаңдар қара көздерім.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз