Мұхамеджан Бас мүфти бола ма?!.

13
6254

Соңғы уақытта елімізде зиялы қауым өкілдері мен теріс діни ағым өкілдері арасындағы текетірес белең алып барады. Әрине, біздер зиялы қауым өкілдері тұтас өз пікірін ашық айтуға батылдары жетіп жатыр деп айта алмаймыз, өкінішке орай. Бірақ, қажет жерде сүйектен өткізіп тұрып айтып жүрген ағалар аз емес.

Қазіргі таңда дін саласы қоғамның басты бас ауруына айналып кетті. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев та «Сәләфизимге заңмен бұғау салмай күресуге болады» деп екіұдай пікір айтып қалды. Нақты қандай шаралар атқарылып жатқаны да белгісіз. Дін комитетінің қайта сайланған төрағасы Ғалым Шойкиннің соңғы уақытта біз көрген жалғыз жұмысы «Кейбір мешіттерде уағыз орыс тілінде де жүргізілу керек» деген басшысының сөзін әлеуметтік желіде жанұшыра қорғағаны. Дұрыс емес демейміз. Бірақ, комитеттің нақты сәләфтардың көсемдерімен күресуге шамасы келе ме? Келмесе, ол комитеттен не қайыр?

Әйтпесе, Нұрлан Ермекбаев та, оның қарамағындағы Ғалым Шойкин де депутаттардың арасында, не өзге де лауазымды қызметтерде отырған, әсіресе, қауіпсіздік саласында қызмет етіп жүрген сәләфиттерді білмейді деп ойлайсыз ба? Олардың атын атап, ел алдына шығаруға бұлар неге батпайды?

Ия, жаңа министрлік пен ескі комитеттің жұмысына қайран қалып отырғанымызша, ел арасында жаңа шу шықты. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы алдағы жылы қызметінен кетіп, оның орнына Мұхамеджан Тазабеков мүфти болуға талпынып жүр деген сыбыс шыққалы, қоғам алаңдаулы болды.

Жақында ғана қазақтың маңдайына біткен ғалымы, абайтанушы Мекемтас Мырзахметов «Тазабектің үйінде 20 уахабшымен бас қостым. Олар депутаттардың арасында да, қауіпсіздік саласында да бар» деп ашық айтып, қалың уахапшы-сәләф біткенді жоймаса, ұлтқа үлкен қауіп төніп тұрғанын жалпық жұртқа жеткізіп еді. Әрине, Бауыржан Момышұлының тәрбиесін көрген, бүгінде 90-ға келген абыз ақсақалға сенбеске лажымыз жоқ.

Ия, ел ағалары уахапшы деп айыптаған адам Бас мүфти болғанда, қазіргі діни ахуал не болар екен… Дегенмен, біз үзілмейтін бір үмітпен осы салаға жауапты құзырлы органдар ел үшін дұрыс шешімді қабылдайды деп сенеміз.

Ибраһим Зиярат,

qazaquni.kz

13 ПІКІРЛЕР

  1. кәзіргі муфтии бет аузын жылтырататып қырғаннан басқасын білмеиде сол келгелі дініміз азды аитатыны өтірік муфтиатты қолдамағандардын бәрі вахаббит саляфит т б құран мен сүннеттің заңдарын шамалары жеткенше орындап жүрген жамағатты такфирге шығарады , төрт мазғаб та дұрыс деп аитады өздері сол сөздеріне қарсы шығады дінімізге бидағаттарды тығып жатыр нәпсілеріне ұнағандарды қабылдап ұнамағандарын саляфиттердің адастырушылығы деиді

  2. Біріншіден бұл сыбыс қана шығар. Әлі анық-қанығы айтылмай жатып, көз жетпей жатып өсекші қатындарша шуылдасқандарыңа, «Қазақ үні» журналистері елді дүрліктіргендеріңе «жол болсын»!
    Мұхаметжан бауырымызды неге сонша жек көріп, қарсы болып жатқандарға қайран қаламын!)) Ол жігіт не бүлдіріп еді? Кімді теріс ағымға шақырыпты, кімді қисық жолға түсіріп жіберіпті, кім Мұхаметжанның айтқандарынан кейін террорист, экстремист болып кетіпті? Мұхаметжанның Тура жолда емес, оның осындай айтқаны қазаққа қарсы, дәстүрге, ұлттық рухымызға қарсы деп дәлел келтіре аласыңдар ма? Осы күнге дейін қолдарыңда дәйекті дәлел жоқ, бұлтартпас айғақ жоқ құр айғайға салынып, елдің баласының пысықтығын, қонған бағын, Құдайдың берген талантын көре алмай күндейсіңдер де жүресіңдер! Өз қолдарыңнан боқ та келмейді, соған қолынан іс келетіндерді кінәләуға шеберсіңдер))) Жолы болмағыр ынжықтар!!!)))

  3. мен Ержан қажы Малғажыұлының бас муфтиліктен кеткенін қолдаймын оның орнына Қазақ мұсылмандар одағынан Мұрат Телібеков не ютубта даңқы жер жарған жаңа қорған мешітінің имамы аты жөні есімде жоқ жане де ол жер сатылмасын деп пікірде айтқан батыл адам міне сол адамдар келсе екен деп тілеймін

  4. Дін істері мен азаматтық қоғам министрлігі қазіргі заман олқылықтарымен күресіп, жастарымызды жат ағымдардың алдап-арбауынан аман сақтап қалудың тиімді амалдарын қолдануда. Олардың жұмыстарына кедергі келтірмей, қайта қоғам атынан қол ұшымызды беріп, қолдау көрсеткеніміз абзал.

  5. Көзіміз ашық, дана халық емеспіз бе? Қашанға дейін теріс пиғылды діни ағымдардың жетегінде жүреміз? Ақ пен қараны ажырататың күніміз келді емес пе? Сәләфтарға електемей, өз елдігімізден, мәдениет пен дәстүрімізден қалыс қалмайық. Еліміздің жарқын болашағы өзімізге байланысты. «Бірлік бар жерде, тірлік бар», сол себепті мемлекетімізге қолдау көрсетіп, жұмылған жұдырықтай болайық.

  6. Бір білерім, сәләфизм – теріс ағымның бір түрі. Қандай болғанмен, өз дәстүрлі дініміз, діліміз бен әдет-ғұрпымыз бар, қазақилығымыздан алшақтамайық. Құзырлы мемлекеттік органдарының қазіргі айтып отырғандары мен істеген істері – халықты қателесуден, елімізді қауіптен алдын алып, амандығымызды тілеп отыр. Жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтарайық.

  7. Мекемтас ата дұрыс айтқан. Бұларды жою керек. Мына мақала бізді сақтандыру деп түсіну керек. егер солай болып жатса расымен онда қүрыды ғой таза ислам. Жол бермейміз. ЕЛ болып жол бермейміз.

  8. Радикалды экстремистік діни ағымдармен батыл күресу үшін билікті, қауіпсіздік қызметтерін, құқыққорғау органдарын сол радикалды экстремистік діни ағымдардың өкілдері және оларды жақтаушылардан қатал тәртіпте тазалау керек. Сондағана бірен оң нәтиже болуы мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз