Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады
2016 ж. 04 қараша
2856
2
Тұңғышбай Жаманқұлов өз қорғаушысының көзінше "Феникс" фильміне бөлінген бюджет қаражатын жымқырғанын мойындады. Актер ісіне өкінетінін және келтірілген шығынды қалыпқа келтіретінін алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ Жемқорлықпен күрес бойынша ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінде хабарлағандай, Жаманқұлов ақша жымқырғанын растап, қаражатты жеке қажетіне жұмсағанын айтып берген. Ол ісіне өкінетінін алға тартып, кепілмен бостау және қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы өтінішхат жолдады.
3 қараша күні Жаманқұловтың шығынды жартылай орнына келтіргені және жасы ескеріле отырып, кепілмен босатылды. Ал қылмыстық жауапкершіліктен босату өтініші шығын толықтай өтелгеннен кейін қаралатын болады.
Еске салсақ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шығынды өтеуде актерге қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеген болатын.
Актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов 2 қараша күні 69 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді.