Мекемтас Мырзахметов: Мұхамеджан Тазабектің үйінде 20 уахабшымен бас қостым

Олар қауіпсіздік органдарында да, депутаттардың арасында да отыр...

Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов елімізге өз заңдарын орната бастаған уахабизмге қатысты ойларын білдіріп, олардың көзін құртпаса болмайды деген ойын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ғалым Алматы телеарнасының "Өткір тіл" бағдарламасында айтты.

Мекемтас Мырзахметов: Мұхамеджан Тазабектің үйінде 20 уахабшымен бас қостым«Мен уахабистердің қалай пайда болғанын білемін. Оның отаны Таразда болды. Сондағы жігіттер ұйымдастырды. Әуелі «уахабизм» дегенді білген жоқпын өзім. Кейін іздендім жақсылап тұрып, бүкіл тарихын көтеріп, біраз мәліметке қанықтым. Тазабектің үйінде 20 уахабиспен бас қостым. Түсіндірдім оларға қанша сағат, мәселесінің дұрыс-бұрысын. «Кейін қарабет болмайық, ойланыңдар» деп жібергенбіз. Содан тарап кеттік, қайтып олармен кездескен жоқпыз. Олар әрекеттерін астыртын жасап жатыр. Құзырлы орындар оны біліп отыр ғой, мен айтпай-ақ», - деді ғалым.

Ғалымның айтуынша, біз бұл ілімнің көзін құртпайынша, елімізге үлкен қауіп төніп тұр.

«Уахабистерді жоймай болмайды, егер жоймасақ, олар бізді жояды. Бірақ оған кедергілер бар. Оған мен түсінбейтін бір кедергілер бар. Олар қауіпсіздік органдарында да, депутаттардың арасында да отыр. Мен білгенді тиісті орындар білмей ме? Бәрі сол ақшаға байланысты ғой. Оның бәрі дін үшін жасалып жүрген жоқ, ақша үшін жасап жүр», - деді Мекемтас Мырзахметов.

«Байтұрсынов: «Дінін шаншып істікке, әркім бір жем іздеп жүр» дейді. Неге біздің өнерпаздарымыз дінін сатты? Бірі жаңа пайғамбар шығармақшы, бірі кришнаны әкелмекші, енді бірі уахабизммен айналысады, не құдай ұрды бұларды? Біліп отыр іштерінен бәрін. Дінге беріліп кеткен ін көргем жоқ ақшаға құлап жатыр олар. Мұның оратылығы Сауд Арбиясы. Оның мемлекеттік діні - уахабизм», - деп түйіндеді ол.