Мекемтас Мырзахметов: Мұхамеджан Тазабектің үйінде 20 уахабшымен бас қостым

16
10931

Олар қауіпсіздік органдарында да, депутаттардың арасында да отыр…

Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов елімізге өз заңдарын орната бастаған уахабизмге қатысты ойларын білдіріп, олардың көзін құртпаса болмайды деген ойын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ғалым Алматы телеарнасының «Өткір тіл» бағдарламасында айтты.

«Мен уахабистердің қалай пайда болғанын білемін. Оның отаны Таразда болды. Сондағы жігіттер ұйымдастырды. Әуелі «уахабизм» дегенді білген жоқпын өзім. Кейін іздендім жақсылап тұрып, бүкіл тарихын көтеріп, біраз мәліметке қанықтым. Тазабектің үйінде 20 уахабиспен бас қостым. Түсіндірдім оларға қанша сағат, мәселесінің дұрыс-бұрысын. «Кейін қарабет болмайық, ойланыңдар» деп жібергенбіз. Содан тарап кеттік, қайтып олармен кездескен жоқпыз. Олар әрекеттерін астыртын жасап жатыр. Құзырлы орындар оны біліп отыр ғой, мен айтпай-ақ», – деді ғалым.

Ғалымның айтуынша, біз бұл ілімнің көзін құртпайынша, елімізге үлкен қауіп төніп тұр.

«Уахабистерді жоймай болмайды, егер жоймасақ, олар бізді жояды. Бірақ оған кедергілер бар. Оған мен түсінбейтін бір кедергілер бар. Олар қауіпсіздік органдарында да, депутаттардың арасында да отыр. Мен білгенді тиісті орындар білмей ме? Бәрі сол ақшаға байланысты ғой. Оның бәрі дін үшін жасалып жүрген жоқ, ақша үшін жасап жүр», – деді Мекемтас Мырзахметов.

«Байтұрсынов: «Дінін шаншып істікке, әркім бір жем іздеп жүр» дейді. Неге біздің өнерпаздарымыз дінін сатты? Бірі жаңа пайғамбар шығармақшы, бірі кришнаны әкелмекші, енді бірі уахабизммен айналысады, не құдай ұрды бұларды? Біліп отыр іштерінен бәрін. Дінге беріліп кеткен ін көргем жоқ ақшаға құлап жатыр олар. Мұның оратылығы Сауд Арбиясы. Оның мемлекеттік діні – уахабизм», – деп түйіндеді ол.

16 ПІКІРЛЕР

  1. Мемлекттің қолдауымен ,барлық жағдайы жасалған,шығындарын өкімет көтеріп отырған бірталай азаматтар 4 жылдық діни оқуда Арабияда тұрып жатыр. Отбасылары өздерімен бірге.

  2. Ғалым Саят Ибраевты сол уахавистер туралы айтты деп, зікіршілер, қоғамға қауіпті деп 2009 жылы айтқан. Оны соттатып жіберді. Ол байқұс наркомандарды, психоз балаларды құран жолымен емдеп жазамын деп ойлады. Шəкеріммнің, Абайдың ілімімен емдемекші болды үкімет қолдамады. Жоғарыда отырғандар орыс мектебінде оқығандар. Олар Абайды қайтсын. Бəрі қазақшаға ауысып кетеді деп қорқып, үш тұғырлы тілді ойлап шығарып отыр.

  3. Астапралла дініміз не болып барады. Уахапшылар мен салафиттерді елімізде қашанғы тайраңдатады мына билік басындағылар əлде ауызжаласып алған ба осы уақытқа дейін ауыздықтауға болар еді ғой аңғал жастарымыз кəзір олардың қатарын көбейтіп жатыр ғой неге тосқауыл қоймайды.

  4. Қоғам өзгерді, заман өзгерді, адам өзгермесе екен, қатыгез болмаса екен. Мұсылман дінінде қатыгездік деген жоқ қой.

  5. Бұрын ата ана балам намаз оқыды, дін жолына түсті деп қуанатын еді, енді қорқатын болды. Дін не керек, тыныш тнеге жүре тұрмайсың деп.

  6. Дін жолында жүрген бір азаматты танимын, отбасын. Қарапайым қызметте істеп жүрді. Үй алды, әйеліне, өзіне көлік алды, екінші үй сатып алды. Қалай байып шыға келді, белгісіз жағдай. Ол да уахаббист шығар кім білген, сақалды енді жібергені байқалады, алайда балағын байқамадым.

  7. уахабиттерге қасірет. шайтанның əскері абдул уахабтың малдары. түркі қазақ ұлтшылдығы оянса, Алаш орнаса уахабтарды жазалаймыз. Аллах қаласа!!!

  8. Негізгі отаны Сауд Арабия болса, демек қаржы да сол жақтан келеді деп ойлаймын. Соны анықтау керек, ол жақтан келетін счеттарды тексеру керек.

  9. Ондайлар жоғарғы жақта да отыр, полиция арасында да бар, басқа жерлерде де. Олар бәр бірін тартып, бауырмыз деп жүретіндері және бар. Сондықтан бәрін жаппай анықтап, жауапқа тарту керек деп ойлаймын.

  10. Қоғамға, мемлекетке үлкен қауіп әкеледі, сондықтан сіз болып, бз болып бұл мәселені қарастырып, зерттеп, уахабшылардың көзін құртуымыз керек.

  11. Оларға айтқан екен, алайда олар осы күнге дейін өз жұмыстарын астыртын болсын істеп жатса ағаның айтқанына құлақ аспағандары. Вербовкалары жынды болып тұр ғой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз