Қостанайлық ата-ана ұлдарына Бекертуған деген есім беріпті
2016 ж. 29 қазан
3366
0
Қостанай облысының Әділет департаменті ата-аналардың өз балаларына берген ерекше есімдерін тізіп шықты. Оларға сенсек, Қостанай жақта қазір Дулдубек, Бекертуған, Арег, Луина және Тея есімді ерекше балалар өсіп келеді, деп жазады alau.kz порталы.
Сирек кездесетін есімдердің арасында Хамза, Медеу, Сандияр, Арыс, Демьян дегендер де бар екен. Сондай-ақ, қыздарына Мумина, Нармин, Далер, Виталина деген есім бергендер де болыпты.
Ал жаңа туған қостанайлықтардың арасында ең жиі кездесетін есімдер мынадай екен: Ислам, Нұрсұлтан, Амир, Илья, Кирилл, Айша, Ясмин, Айзере, София, Юлия, Злата.
Айтпақшы, Қазақстанда қазір Астана есімді 21 қыз өмір сүруде.