Прокурор өлім жазасына мораторий болса да, Күлекбаевқа сондай үкімді неліктен сұрағанын түсіндірді
2016 ж. 28 қазан
2531
0
Алматыда қырғын салған Руслан Күлекбаевқа қатысты сот барысында мемлекеттік айыптаушының оған өлім жазасын беруді сұрағаны мәлім. Бірақ мұндай жазаға қазір мораторий бар болғандықтан, жұрт бұны түсініңкіремей қалған еді.
Сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысып жатқан Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жарқынбек Бақашбаев осы жағдайды КТК телеарнасының тілшілеріне түсіндіріп берген.
Елімізде өлім жазасына 2003 жылы мораторий жарияланған. Бірақ Ж.Бақашбаевтың айтуынша, бұл аса ауыр жазаны қолдануға кедергі емес екен. Яғни мораторий тек оны орындауға шектеу қояды дейді прокурор. Сондықтан судья осындай үкім шығарса, Күлекбаев түптің-түбінде атылады. Яғни өлім жазасына кесілген адам мораторий алынып тасталғанша түрмеде отыра береді.