Геройхан Қыстаубаев: Ninety One тобына тыйым салмасақ, гей-лезбилердің отанына айналамыз
2016 ж. 28 қазан
4524
5
Бұл топты қолдаушылар негізінен жастар. Олардың ішінде өздерін “заманнан кешікпей келемін” деп санаушылар. “Жаңа жастар”. Жақсы, бұларды жас делік. Енді осы “жаңа жастарға” қосылып алып, өкпесі “өшкен” жасамыстарды қайтерсің? Бұларда өздерін “заман көшімен бірге келемін” деп ойлаушылар. Өздерінше “қартаймағандар”. Осылардың тірліктері ұят енді. Қанша жасқа келсе, өмірден сонша ғана дұрыс дүние ілмеген жандар екен. Неге? Ал қараңыздар.
Адам, оның ішінде өзгелерге ақыл, ой айтамын деген қазақ, ең әуелі сол аузынан шығатын сөздің ұлттың келешегіне ететін әсерін ойлауы тиіс! Зиян ба, жоқ па? Не жазсаңда, пайдасы болмаса да, ұлтқа зияны анық болмауы керек! Міне сонда ғана жаз, жазатыныңды! Осы ұстанымды әркім әркез жадында сақтағаны дұрыс.
Енді аталмыш топқа келейік. Бұл топтың мақсаты: “Қазақ өнерін экспорттау” екен. Тамаша ниет! Бірақ, соған сай әлеует бар ма, ол топта? Ойлансаңыз, Ninety One тобы мыңдаған шет елдік топтың, орташадан төмен, біреуі ғана! Яғни теңізге тамған тамшы. Ондай киіммен, ондай шаш бояумен, сырға тағумен (және жақсы дауыспен) тек бізді ғана “таңдандыруға” болады. Түсінесіз бе, тек бізді ғана! Ал шет елдіктер үшін ондай топ таңсық емес. Халық оның концертіне жапырылып бармайды да. Несіне жапырылып баруға тиіс? Кім айтады? Ешкім ешнәрсе айта алмайды! Сонда олар қалай “қазақ өнерін экспорттамақ”?
Сондықтан, бұл топ, біздің қоғамға келесі бір азғындықты ендіретін Овертон тесігі ғана! Басқа ештеңе де емес. Бұл анық. Бірақ, мұны ойлап тапқан автор (лар) жаңылысқан жоқ. Топты әбден оқытты. Әлемнің бірнеше мемлекетіне сүйреп жүріп көп дүниені көрсетті. Қоғамның қарсылығына әуелі қалай төтеп беруді, сосын қалай жеңуді, бәрін, бәрін үйретті. Көпшіліктің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, олардың психологиясын өзіне оң көзқарасқа ауыстырып жіберу тәсілдерін меңгертті. Міне, сізге Еуропа, Әмерика! Бұлар әлемдегі ең текті билеуші - Муамар Каддафиді өз халқына қорлатып өлтірткен зымыяндар емес пе?! Қазір сол ел не күйге түсті? Бәрі дуана болып, жер шарын кезіп кетті! Өтірік пе? Бәрі рас.
Міне, ардақты ағайын, Ninety One тобы да тап сондай зымыяндардың бізге жіберген “сыйлығы”, сәлемдемесі. Бұны біз қабылдасақ, онда қазақтың біткен жерінің бастауы осы болмақ! Гей-лезбидін отаны боламыз. Ninety One - елдің көзін үйрету. “Төзімділікті” қанымызға сіңіру.
Қабылдаймызда! Себебі, жоғарыда айттым ғой, “жаңа жастар” мен “қартаймаған” өкілдер мұны бізге қабылдатады. Себебі өмірге пәрмен беріп тұрған солар. Жалпы, бүкіл әлемде де пәрменге ие сондайлар қазір. Мәселен, сексуалды азшылықты алыңыз. Бұлар қазір әлемге әмірін жүргізіп тұр! Бүкіл әлем осыларды қорғайды! Олимпиада болады деген елге міндетті түрде “Гей парад” өткізу жүктелген.
P.S. Адасу, жарасса, жасқа жарасады. Ал жасамысқа адасу - масқарагершілік! Сондықтан, “қартаймағандар” есін жиып, жасына сай қылық көрсетіп, адасқан жастарға ақылын айтып, әдемі қартайғаны дұрыс ағайын. Сонда ғана ұлтты сақтай аламыз.
Геройхан Қыстаубаев,
Фейсбук парақшасы