Рысқалиевтің кассирі жарты миллиард долларды жымқырып, шетелде шалқып жүр
2016 ж. 27 қазан
2167
0
Қазақстанның қаржысын әкім-қара былай тұрсын, қарапайым кассир де миллиондап алып қашып кетіп жатыр деп хабарлайды 31-арна.
Елдегі тергеушілерге бас прокурор Жақып Асанов, экономикалық заң бұзушылық жасайтындар әлдеқайда ақылды әрі білімді болғандықтан, сақшылардың алдын орап кететінін айтты. Жеке адамға қатысты қылмыстарды ашуға келгенде алдына жан салмайтын біздің із кесушілер, қаржылық қылмыстың күрмеуін шешуде қиналады екен.
Бұл айтылғандар - ел қаржысын ұрлаудың бірді-екілі мысалы ғана. Бас прокурордың айтуынша, соңғы 10 жылда 10 миллиард доллар оффшорға кетіпті. Енді шетелде жатқан осы ақшаны елге қайтарсақ қайда жұмсар едік деп армандап көрсек.
"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізуге 3 миллиард доллар жоспарланған. Демек, оффшордағы қаражатқа мұндай шараның тағы үшеуін өткізуге болады деген сөз. Немесе, жылдағы бюджетте көрсетілетін бағаммен алсақ, 400 мектеп салуға жетеді екен.