САЙТ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУ ЖОЛЫНДА  ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАР БОЛУДА...

kazak-үni-sayty Қадірлі оқырман!  «Қазақ үні» ұлттық порталы кейінгі айларда түрлі шабуылдардан көз ашпай келеді.  Талай рет ашылмай қалғанынан да хабардар боларсыздар. Соңғы бір айда тіпті шетелдерден келіп жатқан, вирустармен атқылап жатқан жойқын шабуылдарға да ұшырадық.  Бұлай кете барса, сайттың  сақталып қалуы қиын болғандықтан,  хостингін ауыстыруға тура келді. Енді қауіпсіз хостингке ауыстыру жолында біраз қиындықтар  орын алуда.  Осындай бірер күнге созылар қолайсыздықтар  үшін кешірім өтінеміз. «ҚАЗАҚ ҮНІ»  қазақтың мұңы мен жырын жырлай береді! Редакция