Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты
2016 ж. 23 қазан
4164
0
Президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева отбасына қатысты қойылған бүлдіршіндер сұрағына жауап берді.
"Бала дауысы" фестивалінде идея авторы Әлия Нұрсұлтанқызы бүлдіршіндерден келген 5 сұраққа жауап берді. Оның ішінде елбасының қызына балалары туралы айтып беруді өтінгендер де болды.
"Менің үш балам бар. Үлкен қызым - Тиара. Ол тоғыз жаста. 5 жастағы ортаншы қызым Алсара биыл мектеп табалдырығын аттады. Жақында менің кішкентай ғана ұлым дүниеге келді. Ол төрт жарым айлық. Мен балаларым тыңдамай жатса, барлығын сөзбен түсіндіруге тырысамын. Бірақ, бәрі де болады ғой... Кейде оларды аздап құйрығынан ұрып та аламын", - деп күлді Назарбаева.
Сондай-ақ, Әлия Назарбаева оқушы кезінде сабақтан қашып кеткен кездерін де есіне алды. Үш баланы өмірге әкелген ол "Ана дауысы" атты байқау өтсе, қатысуға кетәрі еместігін айтты.