Үкімет араб шейхтарына еліміздегі Қызыл кітапқа енген құстарды атуға рұқсат берген
2016 ж. 20 қазан
2506
8
Араб шейхтарына қазақстандық қорықтардағы Қызыл кітапқа енген дуадақтарға өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілген, деп хабарлайды NUR.KZ Қазақстан үкіметінің № 580 қаулысына сілтеме жасап.
1) шейх Халифа Бин Заед Аль Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағы аумағында 35 (он) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 49 (отыз бес) дарақ жек дуадақ;
2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Аль Нахиянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 21 (он) дарақ жек дуадақ;
3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Аль Нахиянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 20 (он) дарақ жек дуадақ;
4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Аль Тани (Катар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында 12(сегіз) дарақ жек дуадақ әрі Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 37 (он) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілген.
Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне аталған шейхтарға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат беруін, ал Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетуін тапсырған.
Жеке дуадақтарды аулау үшін 260 АЕК көлемінде (551,5 мың теңге) қаржы төленеді.