Баян Мақсатқызы: Күйеуімді кешірдім, енді өз бақытымды іздеймін

Баян Мақсатқызы өзін бірнеше жерден пышақтап, соққыға жыққан күйеуін неге кешіргенін халыққа түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ. Көптің көкейіндегі сауалға продюсер өзінің желідегі парақшасында жауап берді.

Баян Мақсатқызы өзін өлтіре жаздаған күйеуін не үшін кешіргенін айтты

"Мен оны кешірдім. Бұл менің жеке шешімім. Мен өмірімнің бұл белесінен де өттім, енді ары қарай өмір сүремін. Менің балаларымның әкесі бар, ал мен болсам өз бақытымды іздейтін боламын", - деп жазды ол.

Желі қолданушыларына продюсердің бұл шешімі түрліше әсер етті. Желідегі көпшілік екіге бөлінді. Бірі Баянды осындай айуандықпен соққыға жыққан күйеуіне деген кешірім жасағанын түсіне алмай дал болды. Олардың айтуынша, қорғансыз әйелдерді қорғаймын деген Баян осы әрекетімен өзіне деген сенімді жоғалтып алды. Ал екінші тарап болса, Баян бар күш-жігерін жинап, балаларының болашағы үшін Бақытбекті кешіргенін ерлікке балады. Баянның кешірімшіл образы кекшіл адамдарға көп үлгі болады деді олар.