Қазаққа басқа тіл қалай енгізілсе, қазақ тілін солай енгізу керек!

27
2936

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ету үшін жаңалық ойлап табудың қажеті жоқ. Не істеу керек? Ол үшін өткен ғасырда қазаққа басқа тіл қалай енгізілсе қазір қазақ тілін өз жерінде солай енгізу керек. Мысалы: КСРО мемлекетінің мемлекеттік тілі қазақ тілді мектептерде күніге дерлік оқытылды. Ол тілдің мәртебесі биік болуы үшін насихат толассыз жүргізілді. Барлық жоғары және орта оқу орындарында дерлік сабақтар тек сол тілде оқытылды. Қазақ тілінде оқытатын мектептер азайтылды. Басқа тілде оқытатын мектептер көбейтілді. Елдің әнұранында да сол тілді ұлттың мәртебесі биік екені жазылды. Енді осы әдісті Қазақстанда қазақ тілін мемлекет тілі ету үшін қолдану керек. Бұл мемлекет тарапынан жүргізілуі тиіс. Ал әр қазақ қоғамдық орында қазақ тілінде сөйлесін. Ұлтжандылық осындайда көрінеді.

Бердалы ОСПАН,

Фейсбук парақшасы

27 ПІКІРЛЕР

  1. Бізде, қазақша сөйлегісі келмей өзінше болатындар осы өзіміз, қазақтар ғой, айтыңдаршы, менің жыныма тиіп, талай орысша сөйлеп тұратын жастарды өкрдім, ыза болам,солар қазақша білмейді емес, біледі, қазір бәрі біледі.

  2. Қазақпен қазақ қазақша сөйлесу керек алдымен. Елбасы айтты ол туралы Басқа ұлттар сонда мемлекеттік тілді үйренетін болады

  3. Әр қазақ қай жерде болмасын бір-бірімен тек қазақ тілінде сөйлесе бұл мәселе ұзамай-ақ шешілер еді ғой, оңай-ақ. Қиындатып жүрген өзіміздің жандайшаптық мінезіміз ғой.

  4. Әр мемлекеттің қазынасы – тілі, діні, ділі. Осы үшеуі әлсіреген жағдайда мемлекет құлдырауы мүмкін. Ал, осы үш қазынаға барынша қадір мен құрметпен қараған елдің болашағы жарұын деп ойлаймын.
    Әр мемлекеттің ана тілі – сол елде алғашқы орында. Бұл туралы ҚР Тіл туралы заңында анық көрсетілген. Ал, өзге тілді одан кейінгі орындар да қолдануға болады.

  5. Елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзі бар. Қазақстанда бірінші жүретін қазақ тілі, орыс мен ағылшын тілі екінші орындағы тіл. Ал, қазақша сөйлеуді қор санайтындар тілге деген құрметсіздік.

  6. Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте, деп үйретеді емес пе бізді мектепте, сондықтан бөлінген дұрыс емес сияқты, басқа тілді білсең несі жаман

  7. Өзге тілдің бәрін біл,
    Өз тіліңді құрметте. Тілге деген құрметтілік – тілді білу, өз отаныңда сөйлеумен ғана шектелмейді. Айналаңдағы бар қазақтан қазақша сөйлеуді талап етуге болады. Кейбіреулер өзін басқа тілде сөйлеп, дәреже жоғарылатамын деп ойлауы мүмкін. Жоқ, сен қазақ бола тұра өзіңнің тіліңді білмесең, біле тұра сөйлемесең бар масқаралық осында.

  8. Дәл осы жағынан келгенде біздің оңтүстік жақ алда тұр деп ойлаймын. Мысалы, Қызылордада кәріс-орысың бәрі қазақша сөйлейді…

  9. Маған қызық нәрсе – неге Өзбекстанда тек өзбекше, Қырғызстанда қырғызша сөйлейді? Неге біз орысша сөйлейміз? Анық жауап айта алатын адам бар ма? Осы мәселені қарастырып, шаралар жасау керек.

  10. Тек қазақпен қазақ қана қазақша сөйлеспеуі керек. Өзге ұлт өкілдері де қазақша сөйлесе несі жаман? “ТҰРЫП ЖАТҚАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТІЛІН НАҚҰРЫС немесе БАСҚЫНШЫЛАР БІЛМЕЙДІ!” деген Карл Маркстің сөзі бар.

  11. Меніңше орыс тілін алып тастайтын уақыт келді. Балаларымыз орысша білмей қалар-ау деп қорқып керек емес.Білмей қалса өз ана тілін емес, шет тілді білмей қалар. былай алып қарағанда тіпті білмей қалуы күмәнді. Әке-шешесі білетін тіл оларға да жат болмас.

  12. «Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген. Қазақ тілі қазақтан басқа кімге керек, соны неге кейбіреулер түсінбейді ә?

  13. Мемлекет мемлекет болып қалыптасуы үшін алдымен оның тілі дұрыс болуы керек. Біз осы олқылықты күн өткен сайын дұрыстап келеміз.

  14. Ұрпағымыздың білімді һәм жиқангез болуы үшін өз басым өзге тілдерді де меңгертемін. Бірақ міндетті түрде қазақ тілді етіп тәрбиелеймін.

  15. Өз тіліміздің мәртебесін жоғары қойып, қоғамдық орында қазақша сөйлеуіміз керек. Бірақ өзге тілді де меңгеруіміз керек. Ғылым үйрену үшін.

  16. Мемлекет, тіл комитеті, тілге байланысты ұйымдар барынша жұмыс жасап жатыр, олардың нәтижесі көрінен күн де алыс емес деп ойлаймын.

  17. Тіл мәртебесі тарылып, құрдымға кетіп бара жатқан ештеңесі жоқ. Қара аспан төндіргенді қашан қояды екенбіз осы?
    :koisai:

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз