Тұрғындарға туыстарының үйінде бір айдан артық қонақ болуға заңмен тыйым салынбақ
2016 ж. 19 қазан
3749
4
Тұрғындарға туыстарының үйінде бір айдан артық қонақ болуына заңмен тыйым салынбақ. Олар отыз күннен асқан соң тіркелуі тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.
Ал сенаторлар осы тәртіпке келгенде қарсылық білдірді.
"Жастар Астанада тұрғысы келсе ше? Оларға барлық жолды жауып отырмыз", - дейді сенат депутаты.
Мәжілісмендердің айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарда тіркелу үшін небары 15 минут кетеді. Оның үстіне бұл тұрғындардың үй, мектеп, балабақшаға кезекке тұруына көмектеседі екен.
Ал үйінде тіркеусіз адам тұрғызғандар ірі көлемде айыппұл төлейді. Бұдан былай пәтерін лаңкестерге жалға берген қожайындар да жауапқа тартылады.
Бірақ парламент терроризм туралы заңды әлі толық қабылдаған жоқ. Төменгі палата құжатты екі айға жуық талқылап, тек бірінші оқылымда мақұлдаған. Оны әлі Сенат қарауы тиіс.