Ақтауда алты жасар қызды зорлаған жігіттің отбасы елден кетіп қалды

Ақтауда алты жасар қыз баланы зорлады деп айыпталған күдіктінің отбасы елден кетіп қалды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған жігіттің отбасы елден кетіп қалдыОсыдан бір апта бұрын күдіктінің әйелі Алена Майданюк кішкентай ұлымен бірге өзі туып-өскен Украинаға кетіп қалған. Әйелдің айуынша, ол кішкентай ұлының өмірі үшін қорыққан екен.

Ал күдікті болса, алғашында 6 жасар қызды зорлағанын мойындағанымен, кейін өз сөзінен бас тартты. Бұрын ол психдиспансерде есепте тұрған. Бірақ дәрігерлер кейін оның ақыл-есі дұрыстығын анықтады.

ІІМ мәліметі бойынша, күдіктінің кінәсін сараптама дәлелдеген.