Ақтауда алты жасар қызды зорлаған жігіттің отбасы елден кетіп қалды
2016 ж. 14 қазан
2776
1
Ақтауда алты жасар қыз баланы зорлады деп айыпталған күдіктінің отбасы елден кетіп қалды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ал күдікті болса, алғашында 6 жасар қызды зорлағанын мойындағанымен, кейін өз сөзінен бас тартты. Бұрын ол психдиспансерде есепте тұрған. Бірақ дәрігерлер кейін оның ақыл-есі дұрыстығын анықтады.
ІІМ мәліметі бойынша, күдіктінің кінәсін сараптама дәлелдеген.