Ұят-ай: Нағима Есқалиева алғаш рет 8-сыныпта сүйіскенін айтып мақтанды

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін және алғашқы махаббаттары жайында айтып берді. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

31 арнаның тележүргізушісі Мұхит Сапарбаев жұлдыздарға күтпеген жерден сауал қойды. Кейбір жұлдыздар қымсынбастан алғашқы махаббаттары және алғаш рет қашан сүйіскендері жайында айтып берсе, енді кейбірі бұл сұраққа жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты.

Мәселен, Серікбол Сайлаубек 1-сыныпта оқып жүрген кезінде Ақбота деген қызға ғашық болғанын айтса, Кәмшат Жолдыбаева мектепте сырттай бір жігітке ғашық болғанын, алайда сезімін білдіруге батылы әрі намысы жібермегенін мәлімдеді. Ал сүйісу туралы сауалға Серікбол нақты жауап бермеді. Кәмшат болса бұл жайтты алғаш рет 18 жасында басынан өткергенін мойындады.

Әнші Роза Әлқожа да алғаш рет кәмілеттік жасқа толғаннан кейін сүйіскенін айтты. Ал сахнада жүргеніне 30 жыл толған ШаҺизада алғашқыда жауаптан қашқақтап, қашан сүйіскені есінде жоқ екенін айтып, артынша күліп: «айтпайыншы, ағаларым ұрсады», – деді.

Әншілер Гүлнұр Оразымбетова, Өмірқұл Айниязов, Айдар Тұрғанбек бұл сауалға жауап беруден бас тартты. Мирас пен Құралай мұндай нәрсені ашық айтуды менталитетімізге сай көрмесе, Оразымбетова бір үйдің келіні екенін айтып, ұялды. Индира Расылхан алғаш рет бұл жайтты қанша жаста басынан өткергенін айтпаса да, қазіргі таңда жиі сүйісіп тұратынын мойындады.

Нағима Есқалиева болса алғаш рет 8-сыныпта естен кетпес сүйісуді бастан өткергенін ашық айтты.