Несіпбек Айтұлы: Еңліктің әрекеті – қазақ қызына жат қылық

32
8658

Картинки по запросу несіпбек айтұлы

Біз Егемен еліміздің 25 жылдығында биік белестерді бағындырып келеміз, Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында қарышты қадамдар жасап жатырмыз, ел еңсесі тіктеліп, экономикамыз да, мәдениетіміз де ілгері дамып, ел санасатын дәрежеге жеттік. Аллаға шүкір! Осындай жетістіктеріміздің арқасында қазақ халқын әлем танып отыр. Алдымызда ЭКСПО келе жатыр, бұл да зор жетістігіміздің бірегейі деп білемін.

Өкінішке орай, бүгінгі қоғамда келеңсіз оқиғалар да жиі орын алып жатыр. Кешегі күнгі Мәдениет және спорт министріне қатысты алып-қашпа әңгімені тарату өз басым қылмыс деп білемін! Осыны ұйымдастырып отырғандардың өздерін кінәлі деп тану керек.

Біріншіден, кез келген адамды бес-алты жылдан кейін айыптау – азаматтық құқықты бұзу деген сөз. Біреудің атымен біреуге қиянат жасайтын азаматтар заң бойынша жазаға тартылуға тиіс деп ойлаймын. Екіншіден, мұның артында тұрған бірқатар азаматтар бар екен. Қоғамда ол туралы әңгіме бар. Мұны қыздың жалғыз өзінің әрекеті дегенге күдіктенемін. Кейінгі кезде, біреуді қаралап, күйе жағатындар қатарында бірқатар адамдардың тұрғаны ұятты жағдай. Жалпы, біздің мәдениетке, салтымызға, дәстүрімізге жатпайтын, жат қылық бұл. Өкінішке орай, соңғы кездері үлкенді сыйламау, кісіні қадірлемеу белең алып барады. Тіпті, ар-ұяттан аттап, намыстан безіп барамыз…

Бұның ар жағында басқа бір мәселе тұр, кім айтса да. Қазақтың азаматтары, ер азаматтары ұсақ-түйек шаруамен айналыспауы керек, әрі-беріден соң. Біреудің қолтығына су бүркіп… Елді дүрліктірудің қажеті қанша? Басқа да шаруалар жетіп жатыр ғой… Бұл енді ұят емес пе?

Картинки по запросу еңлік сыдықова
Еңлік Сыдықова

Мынау – қазақтың азаматының, қазақтың қызының шаруасы емес. Мұны азаматтарымыздың ұсақталғанының, қыздарымыздың көргенсіздікке бой алдырғанының белгісі деп ұғамын.

Азаматқа жала жабу – ұят! Сондықтан, заң жөнінен келсе де, адамгершілік жөнінен келсе де, мынадай азаматты мұқату үшін, оны басқа бір мақсаттармен аяғынан сүріндіру үшін елдікке, тіпті қазаққа, кісілікке жараспайтын әрекетке бару – ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫНА ҰЯТ НӘРСЕ! ОСЫНЫ ҚОСТАП ЖАТҚАН АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰЛҒАСЫНА, КІСІЛІГІНЕ ҰЯТ НӘРСЕ!

Мен бұл қыз бала қоғам алдында өзінің осы іс-әрекеті үшін ұялып, кешірім сұрауы тиіс деп ойлаймын.

Бәріміз де адамбыз, бәріміз де азаматпыз. Сондықтан, Арыстанбектің сыртынан айтылып жатқан сөздер шындыққа жанаспайды.

Өз басым Арыстанбекті жастайынан білемін. Өз саласының шебері. Белгілі қоғам қайраткері. Елбасымыздың тапсырмаларын жауапкершілікпен орындап келе жатқан азамат. Ол министрлікке келгелі бері қаншама істі аянбай атқарып, іскерлігін дәлелдеп келеді.

Арыстанбек – мәдениеттің, өнердің саласымен біте қайнасып, сол үшін жаралған адам.

Несіпбек АЙТҰЛЫ,

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

qazaquni.kz

32 ПІКІРЛЕР

  1. Былшылдай бермей Арыстанбек деген кошкарды орнынан алу керек. Куда да тыныш’ кудаги да тыныш. Онсыз да министр болып катырып жургени шамалы’ теликте жондеп сойлей де алмайды. Ал казак кыздары онбаган деген Несипбек сиякты данышпандардын оз кыздары абыройсыз’ содан сон солай айтады. Казак кызынан садага кетиндер сендер.

  2. Қыздарымыз өздері бұзылып біткен. Ағаға аға деп қарамайды, әкені әке деп тыңдамайды. соған қарағанда Аналарымыз тәрбиемен дұрыс айналысып жүрген жоқ ау. Көбісі ақша қуып жұмыста жүреді. Баласының не ішіп, не істеп жүргенінен көбісінің хабары жоқ. Өздері селтеңдеп мемлекетке бір үлес қоспақшы болып жұмыс істеп жүр. Үйіндегі тірлігі мен тәртібін реттеп алмай. Әйелдің бар қызметі отбасында. Осыларды түсінбеймін, әйелдерді өз баласына дұрыс тәрбие беруге уақыты жоқ болып жүріп қоғамға не үлес қоспақшы ей. Үлесің сол дұрыс ой-саналы ұрпақ тәрбиелеу ғой. Ақымақ әйелден бетпақ қыз тәрбиеленіп шығады деген осы.

  3. Қалқам, осыны қазақ қызының абыройын сақтап қалу үшін жасап жатыр. Қазақтың біртұтас абыройын сақтап қалу үшін. Артымызды ашып, масқара болмас үшін. Ешкім олардың тірлігін негізі қолдамайды. Несіпбек аға бар болғаны жағдайға тоқтам айтып отыр. Қыздарымыз шектен шықпасын деп.

  4. Егер біз шындықты шырылдатып айтқан қыздарды бетпақ, көргенсіз десек, онда әркімнің қойнында жүрген қыздарды не дейміз. Несіпбек жақсы ақын, бірақ осы ақын жер, ел тағдыры, тіл тағдыры қыл үстінде тұрған қазіргі заманда неге бір ауыз сөз айтпайды? Кеше қазақ біткен жер дауына араласып, бәрі өре түрегелгенде бір ауыз сөз айтуға жарамаған ақын бүгінде абыройы айрандай төгіліп жатқан министрге араша түсіп, мен оны жастайынан білемін, тиіспеңдер деуі қай сасқаны? Ақын ең бірінші ел қамын ойлауы тиіс. Қорғаушысы мықты министрге емес, қазақ қыздарына араша түсуі тиіс.Қазақ қызының абыройы – елінің абыройы. Осыны кез келген адам жақсы түсінуі керек қой.

  5. Ағалар! Арқа сүйер азаматтар! Тоқтам деген болу керек қой. Бір жағдайды пайдаланып, бір-бірінен өш алу әлсіздің тірлігі. Қазаққа жат қылық. Біздің халық кез келген қайшылыққа даналықпен шешім жасаған. Ешкім де ешқашан да қызының қорланғанын қаламайды. Бірақ заңмен шешімін тапқаны әділ. Дәлел, айғақ болуы керек. Еңлік қыз зорланып қалған жоқ қой. Қорланатындай нақты себебі де жоқ. Бар болғаны сондай да андай деп сырттан тон пішеді. Бар болғаны сол ғана. Қыздардың өзіне де көп нәрсе байланысты ғой. Актрисалардың сыры дүйім жұртқа белгілі ғой, бәрінің емес әрине, бірақ негіз бар. Бұл қыздың бар өкпесі өзінің жеке комплексінде. Өмірде де өнерде де аса жолы болмағанға ұқсайды. Жұлдыз болу қалауы орындалмаса керек. Сосын бір айғағы бұл қыз дәл осы режиссерлардың ықпалында екенін өзі видеосында жариялап берді. Барша қазақ қыздарының атынан сөйлеп, өйтті, бүйтті деп сырттан тон пішіп, шешім шығармасын! Өзіне ғана жауап берсін. Әркімді іздеп, сырыңды ақтаршы, сөзімді дәлелдеші деп әуреге түспей. Кектің де шегі болуы керек қой. Жап жас болып, не деген бетпақтық,

  6. Ей, Несіппек! Сонда қазақ қызы итпен күшікке етегін көтере беруі керек пе? Қарындасымыз өте дұрыс істеді. Өз қызыңды бұта түбіне сүйресе қайтер едің? Мырзатайдың көтінен сығалап отыра берсеңші. Жетеді ғой сол көт. Мына көт саған көп томдығыңды шығаруға қажет пе? Еңіліктен садаға кет. Министріңе өзің тоңқай.

  7. Сендер не деп отырсындар? Айналайындар?! Казак кызына жат кылык дейды гой. Казак азаматына биреудин укидей улбиреткен кызына арам колын салгысы келгени, ойы арам, билгенин истегиси келгени жат кылык емес па? Токтау айтушылар! Сол театрда жумыс истеп сол кылыкты корип журген ата сакалы сапсиган мугалимдер неге токтау айтпайды сол министрге? Отырып алып казак деп кокрегин урганда бале. Неге казактын кыздарынын ар намысын ешким ойламайды? Бул министр креслода алдеде отырса, кыздарга тиысуын токтатпайды. Оздериннин кыздарына сондай азгын тиыссе не истейсындер? Бул Арыстанбекти адам деуге келмейді, бул Азгын хайуан да емес бул міскіл. Енлік болмаганда бул мәселе котерилмес еди онбаган али де талтандап журер еди. Жарайсын Енлік! Шындап келгенде казактын кыздарынын ишинде озганы сен болсын!
    Ауруын жасырган оледі!!!

  8. Адам болмас елдің әйелдері өйстіп жүгендеусіз шири бастайды. Бет бетімен би болып.. Үлкенді үлкен демейді, бетіне жармасып жыртысын жыртысып жатыр. Бір шындықтары бар айта алмайтын. Шындығыңды шыңғырып айтсаң да онан түзеліп кететін ешнәрсе жоқ. Шындығың өзіңнен басқа кімге керек? Өзіңді түзе! Өзіңе ғана жауап бер. Болды.

  9. Мен де сол өнер ордасының түлегімін, Еңлік айтқан оқиғаларды барлық студенттер біледі, өз көзімізбен көріп те жүрдік. Өз басым, Несіпбек Айтұлының шығармашылығын ұнатамын, дегенмен мына сұхбатын биліктегілерге жағымсу деп білемін. Адамның білімі, өнері, елге тигізер пайдасы бір бөлек (егер расымен тигізіп жатса), ал оның адами қасиеттерден жұрдай болуы бір бөлек әңгіме, соны шатастырмаңыздар. Кім болса да, қандай лауазымда отырса да, оны қорғамас бұрын «Ол бізге мынандай жақсылық істеді, мынаған еңбек сіңірді» деп емес, адам ретінде, тұлға ретінде қандай жақсылықтарымен есте қалды немесе қарапайым тұрғын ретінде нендей оқиғаларда басы дауға қалды деп қарау керек секілді. Себебі, өрт болмаса түтін шықпайтынын бәріміз білеміз. Арыстанбек Мұхамедиұлы – парақор, әрі жас қыздарды пайдалануды ойлайтын арсыз. Академияда ондайлар толып жатыр, соның бірі Айтқазы. Қыздың мектепті жаңа бітіріп, үлкен өмірге аяқ басқан шағында осындай оқиғаға тап болып, қорыққандықтан оны ешкімге айта алмауы, оны сөгіп, «Қазақ қызына тән қылы емес» деп айыптауға себеп емес!!! Оның орнында кез келген қыз солай жасар еді, әрине егер дәл сол сәтте өзімен диктофон алып, барлығын жазып жүрмесе.Сол себепті де, ертең оқуда, жұмыста сіөздің қызыңыздың, қарындасыңыздың немесе сүйіктіңіздің осындай жағдайға тап болуы әбден мүмкін. Бәрінің байбына бармай, «Ол жақсы адам» деп қорғаштауды қойып, шындықтың бетін ашайық, ағайын!

  10. Шындықты иесіне барып айтқан дұрыс шығар. Кімнен жәбір көрдің батыр болсаңдар тіке өзіне шық. Ел жұрттың алдында бопсалап, халықты дүрліктірмей. Бір шірік жұмыртқа шіріді екен деп қазақтық бар қызына күйе жағасыңдар ма олардың атынан сөйлеп. Айналайындар, қазақтың бәр қызы осылай аузы қисайып отырып алып дүйім жұртқа өзінің жеке мәселесін талқыламайды. Кімде ақыл бар кімнің ақылы таяз.

  11. Еңліктің айтып отырғанында шындык бар. Ол қыз ерлік жасады. Қазақ қыздарын қаралай бергенше, қазақ ер-азаматтары заттарына сай болуды үйренсін. Мұхамедиұлының анау-мынау әрекеттерін дүйім жұрт біледі. Бәріде қорқады. Жасқаншак болдық әбден. Еңлік қайыспа!!!

  12. Сіздердің бәріңіздің естеріңіз дұрыс па? Шындықты айтты, бәлеге қалды. Қызды не үшін жазалайсыз? Министр-развратительді және ол сияқтыларды жазалау керек. Қазақ қыздарын унижать ететіндер, намысын таптайтындарды жазалау керек. Қит етсе қазақ қыздары бар кінәлайтын.

  13. Несіпбектің билікшілдерге шаң жуытпайтыны о бастан белгілі. Беталды мақтап поэма, өлең, мақала жазып төселіп алды. Сөзін қалай бастағанынан көрініп те тұр. «Қарышты қадамдардың» ақыры халықты қысқан үстіне қысып отырған қымбатшылық, әрине, одан аулақ… Мынау министрдің «жігіттігі» туралы айтушылар аз емес, бірақ дауысын жазып, суретке түсіріп алмаған соң, бұныңыз «періште» бола береді. Ол соны пайдаланып, оңашада неше қызға «ұсыныс жасады» екен? «Дәлелдебейтін» сол бассыздығымен неше қызды оқудан, қызметтен қол үзуге мәжбүрледі? Несіпбек және несіпбекшілдер соны бір сәт неге ойламайды? Неге: «Оу, жігітім, «жел болмаса, шөп басы қимылдамайды» ғой, ұят екен!» демейді. Министр шіркін «періштелігін» дәлелдеу үшін сотқа жүгінбекші көрінеді, ал сол сотта өзінің бетіне түкіретін ішқұса Еңлік көбейіп кетсе ше? :kulki:

  14. Несіп өзі Астанада тұрғаннан кейін кімдердің сөзін сөйлеуді анықтап алған екен. Және де үкіметтен осы жандайшаптығы үшін тағы да марапат мадақ күтіп отыр ғой.. Өз сөзі арқылы шындықты меңзеп те қойды. Бұл мәселенің артында басқа мәселе бар деп.. ия басқа мәселе сол ол Арыстанбектің заңды белден басып, ар ұятты жиып қойғаны.. Балық басынан шіріген заман көке! :zhlau:

  15. Билік басына бір әйел келеди деген түріктің көріпкел кемпиринин болжамы бар. Сол келсе бұл еркектер қатты еркелей алмайтын болады. Ойткені ол әйел өте жаужүрек дейд. Сесі мықты, қадайды дейди. :kulki1:

  16. Несіпбек ағамызды да көре алмайтындар көп еке ә? Жапа тармағай етіген жабысып жатқаны бұл да өзі қазақтың шаруасы. ағасы ақылын айтса айы па екен.Үлкендер айтпаса, тоқтам сөз айтпаса болмайды ғой. Негізі бар ғой түбінде осы бізді қытайға откізіп бергені дұп дурыс ақ болады. Ел болмаспыз мына туримизбен. Бірлесіп абырой сақтай алмасақ, не болдқ?

  17. Говорят, что четыре женщины рассказали о домогательствах со стороны Трампа. Мүмкін Арыстанбек мырзаны президенттікке ұсынармыз… :kulki:

  18. Бұл жағдай жалпы қазақ халқына сын. Азаматтарымызға сын. Қыздарын тия алмаған Аналарымызға сын.Ең оңтайлы жолы жұрттың алдында абыройыларыңды сақтап қалыңдар азаматтар! Барларыңды салыңдар, нарларыңды салыңдар, қазақтың әлем алдындағы абыройы маңыздырақ бір қыздың отырып алып таққан айыбынан. Айтарым сол.

  19. Қарғам, шантаж болмаса да бұл қазақтың өзінің қазіргі сыйқы болып тұр. Қазір біз осы деңгейде тұрмыз ғой. Қызы тиымсыз, көк тиын құны жоқ. Аналар тәрбиемен емес, олар ақша куып жұмыста жүр. Қазір кей аналар бар қыздарымен қосып жігіттерді бопсалайтын. Талайын көрлдік қой ауылда жақсы жігіттерді айналдырып, бір күн келін болып түсіп қалыңмалын конвертпен жіберткен соң тайып тұрады. Бір жігітті ауылда байғұс жетім баланы тонап та кеткен бір қитұрқы қыз. Қыздары шантаж жасап жүр :koisai:

  20. Міне, енді әңгіме басқаша. Ақсақалдар бар екен ғой ақылын айтатын. Құдайға шүкір. Өйстіп, тоқтам айтпаса, мына қазақ бетімен кетіп, бет жыртысып өз артын өзі ашудан тайынбайды. Қыздар өздері бетімен кеткен. Бір көлік әперем деші қазір қойныңа жатуға дайын қарындастарды күнде көріп жүрміз. Тіпті, ұялы телефон әперем десе де көнеді. Ұят қой. Әлемнің алдында. Мынандай жала, мәселені мемлекеттің деңгейге шығарып талқылау өте үлкен моральдық қылмыс. Қыз жазалануы керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз