Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталған үш жігітке сот үкімі шықты.

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықтыБұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Сот үкімімен Нұрбек Әжімбай 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп, дүние-мүлкі тәркіленетін болады. Ал Виталий Шерстенев 11 жылға, Андрей Тихоненко 16 жылға сотталып кетті.

Cот процесі алқабилер сотының қатысуымен өтті.

Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда із-түзсіз жоғалған. 10 ақпанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Е.Әубәкіровтің мәйітін тапқан болатын. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталды.

А.Мейірбаев қылмыстық істе ең басты күдіктілердің бірі болған. Бірақ кейін Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, 7 мамырда Астана прокурорының келісімімен Аян Мейірбаев босатылды.