Ұстазынан таяқ жеген оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты (фото)
2016 ж. 11 қазан
2371
0
Оңтүстік Қазақстан облысы Манкент қаласының тұрғыны ұлы ұстазының соққысынан кейін жабық бас-ми жарақатын алғанын айтуда. Бұл туралы TVK арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Бесінші сынып оқушысының әкесі Шерали Зундиновтің айтуынша, мұғалім грамматиканы түсінбей жатқан ұлының басын партаға соққан. Салдарынан ұл бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан көрінеді.
"21 сәуір күні үйге оралғанымда ұлым Абидин бірнеше рет есінен танғанын білдім. Балам бас-ми жарақатымен емханаға түсті. Белгісіз себептермен оны үш күн өткесін гайморит диагнозымен басқа бөлімге ауыстырып жіберген", — дейді Шерали Зундинов.
"Өзбек тілі сабағында диктант жүріп жатты. Мен үлгермедім. Мұғалім қасыма келіп, екі рет басымды партаға ұрды. Менің жағдайым сол сәтте нашарлап кетті. Содан кейін сыныптасыммен бірге үйіме жібере салды. Жолда мен бірнеше рет есімнен тандым", - дейді Абидин.
"Нұр Отан" партиясының өкілі бұл жайтқа қатысты шара қолдануға уәде берді.