Дос Көшім: Желтоқсанда қазақ жастарын ұрып-соққандар ұлт алдында кешірім сұрау керек

23
4839

4132 адамға арналған ҮНДЕУ

Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы қарсаңында бейбіт шеруге шыққан қазақ жастарын аса қатыгездікпен жазалаған, ұрып-соққан, жұмыстан, оқудан шығарған, жасанды сотқа тартып, әділетсіз жазалар берген адамдардың Халық пен Ұлттың алдында кешірім сұрап, күнәдан арылу қажеттігін естеріне саламын. Сендер 30 жыл бойы үндемей келдіңдер; мүмкін біреулерің «заман солай еді» деп, іштей ақталатын да шығарсыңдар, ал енді біреулерің «біз басшымыздың айтқанын істедік қой» деп, сүттен – ақ, суден – таза болғыларың келер. Мен үндемегендерден қорқамын.

Мен сол сөздердің келешекте қайта айтылуынан қорқамын… Нюрнберг сотында да, фашистік жендеттер барлығын Гитлерге жауып, «біз бұйрықты орындаушылар ғанамыз» деп құтылғысы келді. Естеріңде болсын, әділетсіз бұйрықты орындаушылар да сол бұйрықты берген жандармен бірдей жауап береді. Егер Сендер сол уақыттағы жасаған іс-әрекеттеріңе өздерің баға беріп, ар-ұяттарыңның алдында жауап бермесеңдер, қоғамдағы ашу-ыза мен билікке деген сенімсіздік ыдырамайды.

Сендердің арылуларыңның алғашқы қадамы – сол уақыттағы алған марапаттарыңды қайтып тапсыру акциясы болсын. Осы күнге дейін Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарды жазалған, сол үшін мемлекеттік марапат алғандардың ресми саны – 4169 адам. Олар мыналар:

«Красная звезда» орденімен марапатталғандар – 5;

 «За трудовую доблесть» медалімен маратталғандар – 6:

«За трудовую отличие» медалімен марапатталғандар – 5;

«За отличную службу по охране общественного порядка» медалімен

марапатталғандар – 160;

Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасымен  марапатталғандар – 30;

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталғандар – 113;

«Заслужный работник МВД» белгісімен марапатталғандар – 23;

Мерзімен бұрын шендері өсірілгендер – 24;

«За отличную службу МВД» белгісімен марапатталғандар – 217;

СССР-дің Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар – 45;

Қазақ ССР-інің Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар – 335;

Ақшалай сыйлықпен (СССР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен) – 53;

Ақшалай сыйлық (Қазақ ССР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен) – 561;

«Отличник милиции» белгісімен марапатталғандар – 424;

Бұрынғы жазларын алынып асталғандар – 13;

СССР Ішкі істер министрлігі бұйрығымен мадақталғандар – 145;

Қаз ССР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен мадақталғандар – 2005.

Олардың ішінде марапаттарын қайтып бергендердің саны – 37 ғана…

«Қрасная звезда» ордені – 1;

«За трудовую доблесть» медалі – 1;

«За отличную службу по охране общественного порядка» медалі – 23;

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы – 2;

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің грамотасы – 10.

(Бұл деректер «Желтоқсан-86» құжаттар жинағының 10-томынан алынды)

Бұл Үндеу Сендерді масқаралау үшін немесе жауапқа тартып, кек алу үшін жазылып отырған жоқ. Арылу – осындай әділетсіздіктің болашақта қайталанбауының бірден бір кепілі.

Дос Көшім

Abai.kz

23 ПІКІРЛЕР

  1. Дос Көшім НӘН көкеміз сықылды инициатива көтергіш. Аты аталмай қалса әйтеуір бір бастама көтеріп қалады. Қазаққа одан пайда бар ма, жоқ па – онымен шаруасы жоқ. Меніңше,қазақ бір бірінен кешірім сұрап,бірімен бірі ырылдасқанша, алдымен өз істерін, өз өмірін сарапқа салып, өз арының алдында кешірім сұрап, тәубаға келгені абзал. Әйтпесе, 100 пайыз ақпын, ешкімнің ала жібін аттағам жоқпын дейтін қазақ табылар ма екен? Әй табылмас. Сондықтан Дос Көшім мырза оңды солды бастама көтергенше, алдымен өз арының алдында ақталып алсын. Мәселен, дәп сол Желтоқсан қаһармандарының сотында аудармашылық қызмет атқарып, биліктің сотының шашбауын көтергені үшін. Және құрбандыққа шалынған жігіттерімізге шығарылған заңсыз үкімге қарсы сол кезде ләм-мим деп дыбыс шығармағаны үшін. Шала-шарпы орысшасымен осыншама маңызды іске қатысуға келіскені үшін Сол-ақ па дейсіз бе? Жоқ сол-ақ емес.. Достың тағы бір құлшынып кіріскен ісі Шаңырақтағы дауға байланысты сотта қоғамдық қорғаушы болғаны еді. Ол немен аяқталғанын білетін шығарсыздар? Дос қорғаған Арон Атабек 18 жылға сотталды. Дос тағы да қыңқ еткен жоқ. Несіне қыңқ етсін, аты шықты, теледидарларда көрініп қалды. Осы-ақ па дейсіз бе? Жоқ, Достың орнында ары таза адам болса, өзінің Мұқтар Шахановқа қарсы әрекеттері үшін де кешірім сұрар еді. Жарар, Саясаттан бөлек, отбасындағы екіжүзділігі жайында айтылып жатқан сөздерге мән бермей-ақ қояйық. Меніңше, жоғарыда айтылған үш күнә үшін өз арының алдында кешірім сұрап, тәубасына келсе, мен Досты нағыз патриот деп қабылдауға дайынмын. Әйтпесе, кешірерсіздер, айтқандарының бәрі бос сөз, таза даңққұмарлық. Популизм.

  2. «Кишка тонка», бір адам шықпайды кешірім сұрайтын. Өз көрпесін тартқылап жүргендер емес пе.

  3. Өте дұрыс тыңнан көтерілген мәселе. Ағайын, 30-шы жылдарда қазақтың болашағы үшін күрескен Алаштың арыстарын кімдер ұстап берды, Шәкәрімды кімдер атқанын ұмытпайық.86-да сол қайталанбады ма?! Осындай ұлттық сорақылықтан арылайық деп көтерілген мәселе, түсін ағайын.Қазақтың болашағы бәоіміздің ұрпағымыздың болашағы. Ол күрессіз түзелмейді. Қай мәселеде, қай салада болмасын еліміздің жоғын жоқтап күресіп жүрген арыстарымыздың аяғынан жатып ап өзіміз тартқанды қояйық, арнайы жіберілгендер болмасаңдар. Айтылмағаны болса сендер де айтыңдар,дәттерің шыдаса.

  4. Аты-жөндерін жариялау керек. Ұрпақ білсін, өз ұлтын орыс, кеңес отарынан азаттық алмасын деп басып жанышқан құбыжықтарды.

  5. Меніңше Дос Кошімге желтоксан құрбандары жайында емес Жаңаөзен құрбандары жөнінде әңгіме қозғауы керек еді Сол кезде оның талабы орынды болар ма еді Әттегенай билікте елбасы отырған кезде ол тақырыпқа ешкім қалам тартуға батылы бара қоймас Қалың елім қазағым қайран жұртым бір жоңғарға жем болған байғус халқым Назарбай әулетін лағынет атсын

  6. Егемендык ұшын шахйт. Болған аяулы. Азаматтарды менсінбей олардың. Берген курбандыктарын елеп ескермеуге болмайдыгой. Халық Жауы кым?досы кым? Бары белгілігой.

  7. Айтеуир басы бирикпейтин казагым ай. Биреуди гайбаттау ауыр куна. Дос ага накты фактимен сойлеп тур

  8. Дос мырза мәселені дұрыс көтеріп отыр.
    Желтоқсан өз бағасын алу керек.
    Ол үшін желтоқсан жастар көтерілісінде қазақ жастарын айыптаған, қорлаған, соққыға жыққан жендеттер құн төлеу арқылы жазаларын алғаны дұрыс.

  9. Айттым ғой, МыШының тыжылары ДыКының соңына түседі деп. Ол МыШының жекешелендіріп алған тақырыбын беталды қозғады

  10. Әй Мереке бауырым ай! шабыңа от түсті ме.оқыдың ба сен қанша адамның нервісіне тиіп отырғаныңды.бәлені бастап алып енді келіп тулайсың көкбет қатын құсап.мен саған фактімен айт деп тұрмын.қане фактің.сілтемесін бер.сол сайттарыңның. жоқ болса өтің жарылып кетсе айтайын: сенің айтқаның ӨСЕК!

  11. Мереке деген коммен жазушы сол 4169 адамның бірі, немесе сондайдың ұрпағы шыгар..соншама Д.Көшімге жала жауып, соншама шырылдағанына карағанда.

  12. Е осы ғой қазақ деген. Біреудің сөзін іске алғысыз ғылып, өзімдікі жөн деп бет қаратпайтын. Өзің білмейтін, білгеннің тілін алмайтын, ауызбірліктен гөрі, алауыздыққа жақын ақикөз қазақпыз ғой. Дұрыс, боқта, датта, жағасын жырт… Аталы сөз айтып,араша түсер болса, тыңдамайық…

  13. Комсомол, аты өшкір ұйымның атын жамылып, маған қарсы сөз айтуға саған кім құқық берді? Желтоқсандықтарды құртқан ұйымның бірі сол КОмсомол емес пе еді? Комсомол деген сөзді қимасаң сенің өзің де сол комсомолдың құйыршығы болғаның. Ал дос көшімді даттаған мен емес, мен тек осы сықылды сайттардан оқығанымды ғана қайталадым және өзімнің ойымды қостым. Көшімнің жақын арада ғана Назарбаевты мақтап жазғанын сен оқымаған боларсың мүмкін, Назарбаевтан артық ешкім қазақ тілін қорғаған жоқ деп қыртыпты. Сен комсомолдың құйырышығы болсаң, ол биліктің құйыршығы,

  14. «Мереке 8 қазан, 2016, 12:19
    Осы кісі расында нақты пайдасы жоқ, бірақ халыққа сөзсіз ұнайтын мәселелерді көтергіш-ақ. Бұны басқа елдерде популизм деп атайды. Яғни арзан даңққа құштарлық. Шындап келгенде айдағканы бес ешкі ысқырығы жер жарадының нақ өзі. Нағыз оппозиционерлердің бәрі де Көшімнен бойын аулақ салатыны содан болса керек. Біреулер оны зинақор десе, екінші біреулері КНБның тыңшысы деп атайды. Қалай болғанда да қазақ ұлтшыларының арасына іріткі салып жүргені көрініп тұрады.»
    Кім оны зинақор деген, кім оны КНБ ның тыңшысы деген? Фактің бар ма? Аты жөнін жаз! Жоқ болса оның өсек деген сөз! Халықтың атынан билікке жақпайтын халықтың сөзін нақты фактілермен айтып жүрген азаматқа олай өсек айтып тіл тигізуге хақың жоқ сенің! Бұл өсек айтатын жер емес.Өсекті асханаңда, аулаңда отырып алып, бес алты әйелді жина да сол жер де айт! Басқа ел туралы бұл мақалада ешқандай сөз болып отырған жоқ. Бұл жерде қазақ жастарының қаны төгілген оқиға жөнінде әңгіме болып отыр. Нақты цифрлармен, фактілермен. Енді аты жөндерін жариялау керек.Халық білсін кім екендерін, жастардың қаны арқылы бедел жинағыштардың аты жөндерін!

  15. Кешірім сұрау үлкен батылдықты талап етеді, әрі сәуаптың ең зоры болып келмейдіме! Ондай батылдық бен сәуепті сезінетін адам өте аз ғой біздің қоғамда. Ұлт үшін (қазақ) мәселе көтергендер билікке қауіпті адам көрінетіні өкінішті-ақ! Дос-тың ұлтқа деген достығын сезіне білген дұрыс-ақ!!

  16. Желтоқсан МыШының жеке меншігіне иемденіп алған тақырыбы ғой. Енді МыШының тыжылары ДыКының соңына түспесе жарар еді.

  17. Осы кісі расында нақты пайдасы жоқ, бірақ халыққа сөзсіз ұнайтын мәселелерді көтергіш-ақ. Бұны басқа елдерде популизм деп атайды. Яғни арзан даңққа құштарлық. Шындап келгенде айдағканы бес ешкі ысқырығы жер жарадының нақ өзі. Нағыз оппозиционерлердің бәрі де Көшімнен бойын аулақ салатыны содан болса керек. Біреулер оны зинақор десе, екінші біреулері КНБның тыңшысы деп атайды. Қалай болғанда да қазақ ұлтшыларының арасына іріткі салып жүргені көрініп тұрады.
    ,

  18. Әдеттегідей Көшім халықтың көңілін өзекті мәселелерден басқа жаққа аударуды көздейтін сияқты. Үкіметтің кезекті тапсырмасы сол болса керек,

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз