Айдос Сарым: САЛАФИТТЕРДІҢ ДЕПУТАТЫНАН БАСТАП ҚАТАРДАҒЫ БЕЛСЕНДІСІНЕ ДЕЙІН АТЫ-ЖӨНДЕРІН АТАУ КЕРЕК

6
2482

Бүгін Алматы қаласының әкімдігі «Экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбында өткізген дөңгелек үстелде саясаттанушы Айдос Сарым осындай ой тастады, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

Картинки по запросу айдос сарым

Саясаттанушы бірнеше терактілік әрекеттен кейін қауіптің салдарымен күресіп жатқан мемлекеттік органдардың жұмысына сын көзбен қарайтынын жасырмады.

«Бірнеше теракті болды, ресми органдар тағы бірнеше терактінің алды алынғанын хабарлады. Қаншама лаңкестікке қарсы операциялар болды. Бірақ, сол хабарлардың ішінде бір лаңкестік ұйымдастырған, соған дайындалған немесе теріс ағымдарды таратушы, қолдаушы бірде-бір адамның фамилиясы аталмайды. Террористердің қолдаушыларының, есеп шоттары мен ақшасының болмауы мүмкін емес қой. Ресми органдар осы мәселеде теріс ағымдарды жақтаушылардың, қамқорлыққа алғандардың, ел ішіне іріткі салуды көздейтіндердің депутатынан бастап, қатардағы белсендісіне дейін аттарын атау керек. Қоғам барлығын көріп, біліп отыр. Ақтөбедегі терактіге қалай жол берілді? Салафизмнің ешқандай да дін емес, билікті күшпен басып алуды ғана мақсат еткен саяси идеология екенін біле тұра көз жұмғандықтан болды. Қазір сол өңірдегі адасқандарды райынан қайтару, радикалды ағымдарға ерушілерді тәрбиелеуді сол салафилердің өздеріне тапсырған дегенді де естіп жатырмыз. Салафизмнің «қалыптысы» болмайды. Осыны түсіну керек», – дейді Алматы әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі, саясаттанушы Айдос Сарым.

Дөңгелек үстелде сөз алған ҰҚК Алматы қалалық департаменті діни экстремизм, терроризммен күрес жөніндегі бөлінісі бастығының орынбасары Рауан Мұхамеджанов ақпарат құралдары өкілдерінен лаңкестік әрекеттер туралы жазғанда лаңкестердің ел ішінде үрей туғызуды көздейтін негізгі мақсатын іске асырып алмау жағын ойлауды сұрады.

«Терактінің түпкі мақсаты – елдің үрейін туғызу. Қоғамды қорқыту. Егер БАҚ-тар болған терактілер туралы жазғанда осы мәселені ескермесе, кез-келген жаңалық, видеосюжет, хабар терроршылардың мақсатын жүзеге асыруға жасалған көмек болып шыға келеді. Сондықтан, БАҚ өкілдері мұндай жағдайда ресми органдардың тиісті мәлімдемелеріне, ресми ақпаратқа басымдық беруі керек. Лаңкестікке қарсы операциялардың сәтті аяқталғандары, лаңкестердің көзі жойылып, теракт қаупінің алды алынғаны туралы хабарлар міндетті түрде жариялануы керек. Бұл арам пиғылдыларға психологиялық тұрғыдан да әсер етеді», – дейді ҰҚК өкілі.

Шараға жиналған журналистер қауымы осы жерде лаңкестік оқиғалар кезінде ресми ақпарат алудың нағыз қиямет-қайым екенін айтып салды. «Капитал» басылымының басшысы Мира Халина 18 шілдедегі Алматы оқиғасы кезінде БАҚ-тардың ресми ақпаратты дер кезінде ала алмағанын, соның салдарынан ел ішін әлеуметтік желі арқылы тараған үрейлі ақпараттар жайлап алғанын айтты.

М. Халинаның бұл сөзін «Алтын орда» порталының басшысы Серік Малеев те құптайтынын, терроризмге қарсы қоғамдық пікір туғызуда, теріс ағымдар туралы ағартушылық жұмыс жүргізуде ақпарат құралдарының зор міндет атқарып отырғанын айтты. Ақпарат құралдарына билік терроризммен күрес бағытында арнайы мемлекеттік тапсырыспен қаражат бөлу керек деген де ұсыныс тастады.

«Осыған дейін түрлі көзқарас, түрлі ұстанымдағы басылымдардың барлығы дерлік қазір бірауыздан терроризмге қарсы тұрды. Салафизмге түгел қоғам қарсы, журналистер қауымдастығы қарсы. Өйткені, салафизм – біздің халықтың таным-түсінігіне, тарихы мен мәдениетіне қайшы. Қазақтың рухани мәдениетінің басым бөлігін халықтық музыка, ән мен күй құрайды. Ал, музыканы харам дейтіндер бізге жау емей немене?», – дейді С. Малеев.

Дөңгелек үстелде сондай-ақ, қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы Н. Сыдықов, дін істері жөніндегі басқарма бастығы А. Есенбеков арнайы баяндама жасады. БАҚ өкілдері, басқа да ғалымдар мен сарапшылар ойларын ортаға салды.

6 ПІКІРЛЕР

  1. Ойланыңыз.”Салафистерге тыйым салу” деген сөз Әбу Ханифаға және ол секілді сол заманның ғалымдарына да тыйым салу деген сөз. “Салаф” -дегеніміз алдыңғы ізгілер, яғни сахабалар мен табиғиндер /сақабаларды көргендер/ және табаға табиғиндерде /табиғиндерден ілім алғандар/. Ал имамымыз әбу Ханифа солардың қатарынан. Бұл аксиома. Бірақ, біздегі бізде исламның түзу жолмен дамуын көздемегендер және бізде дінді бүлікке ұрындырып ертең кез-келгенді жауапқа тарту мүмкіндігін орнатқысы келгендер, әрі сыртқы күштердің тапсырмасын орындайтындар осы “дін бүлігін” жүргізіп отыр. Енді бұған тықыр таянған гүленшілерді қосыңыз. Осының бәрі алып келіп діни тұрақтылығымызды шайқалту арқылы өздерінің көздеген мақсаттарына жетпекші. Терроризімнен он мыңдаған азамыты опат болып, жүз мыңдаған адамы азабын тартып, әрі бұл апатпен ашық соғысқа шыққан Ресей және оның құрамындағы Шешенстан ваххабилерді және қалған теріс, экстримистік ағымдарға псевдосалафит деп баға беріп, салафиттерді олардан бөліп қарайды екен «.В Грозном прошла Всемирная конференция мусульманских ученых, на которой собрались сотни известных во всем мире религиозных деятелей, имамов и исламских ученых и была принята фетва. В ней дается определение ваххабизма и ряда других течений, которые определяются как «заблудшие секты современности» и четко отделяются от традиционных суннитов.В документе последователи ваххабизма называны»псевдосалафитами», деятельность которых опасна для ислама и мусульман.» /interfax-religion.ru/. Қазақстандық саясаттанушыларда осыны айтып, салафизімге тыйым салуға негіз жоқ әрі оның зияны үлкен де қатерлі болатынын айтып бағуда. Бірақ, бізге қазақты құрту керек секілді, көрмес түйені көрмес дейді, ақиқатты қалайша көрмейміз, неге Ресей, Шешенстан, Татар еліндегі саясатты анализ жасап қортынды шығармаймыз. Шығыстанушы ғалым Н. Әлниязов бұл жайлы» Экстримистік топтардың әрекеттерінің жандануының алдында терроризм мселелері қоғамда баспасөз құралдары арқылы қызу көтеріліп, қайта-қайта талқыланады. Ал бұл анығында, сол болатын экстримистік актілерге негіз дайындау секілді. Бұл жалпы әлемде солай өтеді» деді. Қазір бұл мәселені дін ғалымдары емес саясатшылар мен ақпарат құралдары тиражировать етіп жатыр. Журналист Шәріпхан Қайсар ” Күрес сақал қиып, балақ ұзартумен жүрмейді. Көшеден оларды ұстап алып, қамаған сайын, ыза туғызып кектене беретінін ескерсек, біздің шенділер өте қауіпті жолды таңдағанын көресіз.” дегендей, олардың мақсатты саясаты, елді соған жеткізбекші, сөйтіп алдын 100000-даған сақалы барлар мен балағы қиылғанды салафизімде айыптап бақылауға аламыз деп жүргенде, шын террористер–такфиршілер мен харажиттік топтар осыны пайдаланып жер-жерден бомбасын жарып жатса, біз нағыз террористерді емес, бақлаудағы сақалдыларды қамап, істі соларға аудара салады. ал бұл қарапайым мұсылмандарды экстримизімге қолдан итермелеу саясаты. Қысқасы бұл саясаттың мақсаты діндарларды әқұрбан» жасап, дін арқылы елде дүрбелең тудыру ғана. Ал бейшара, дилетант журналистер әккі де қу саясаткерлердің құралына айналып, елді ақымақтандыруға өздерінің сүбелі үлестерін қосып отыр. Адам соншалық топас болмаса, бұл көрініп тұрған мәселелер ғой, тек оны алаламай ғылми бейтараптықпен қарастырсаң болды, ақиқат мен мұндалап тұрады. «Взвинченное нестабильностью население тут же подхватывает любой откровенный бред СМИ. Некоторые слухи создаются не случайно и не дилетантами. Это похоже на вполне организованные группы, которые отслеживают новостийный поток и мгновенно на него реагируют. . Адекватные граждане восприняли эту «новость» с огромным скепсисом, но ее все равно подхватили люди несведущие.» Иә, зерттеуші айтқандай жұрттың көңілін шын террористерден басқа жақа бұру үшін «салафизімді» такфиризмге қосу, намазын оқып, еліне қызмет етіп жүрген депутатты » құрбандыққа шалып» жау етіп көрсету, діни тұрақтылықты бұзуды көздеген топтар үшін қажетті саяси ойын болып тұр.

  2. Мұхтар Тайжан пікірін жəне жоғарыдағы біз үміт артып жүрген Ерлан Карин бастаған саясаттанушылар өз пікірлерін осынайда айтса дейміз. Дін дінді терең білмей бірдеңе деп пікір айтуға жəне оны лаңкестікпен байланыстыруға келмейді. Сəлафты дəстүрлі дінімізге теріс бағыттағы дін есебінде мемлекетіміздің заңымен тиым салып, ал лаңкестікке тіпті басқаша көзқараспен баға беріліп, жұмыс стратегиясы мен тактикасы қабылдануы керек. БАҚ-тар да осыған бағытталуы керек. Сəлаф зияны бір бөлек таңнан таңға дейін насихатталып, ланкестікпен күрес арнаулы құрылымдардың жұмылдырылуымен ұйымдастырылуы, ауыздықталуы қажет. Ланкестікті кезкелген адам дініне, ұлтына, тегіне қарамай ұйымдастыра береді. Бірақ біздің қоғам үшін теріс дін де, лаңкестік те қауіпті.

  3. /qamshy.kz сен қандай фактіге сүйеніп Айдос мырзаны ана лас аузың мен айыптап тұрсың . біреудің қолпаштауы мен екі жүзді ит.

  4. Қазбек 2016-10-08 00:31:17 Қазақстанда Ділмұрат, Октам деген екі өзбек және Ринат деген татар жігіттерді тыңдауға шақырушылар, мешіттерде ашықтан ашық жастарды өздеріне шақырып, оларға дәрістер ұйымдастырып, тыйым салынған кітаптарды насихаттап жүр. Мен олар жайлы мешіт имамдарына, Муфтиатқа, Дін істері комитетіне және КНБ-нің адамдарынада айттым. Бәріде құлықсыз тыңдап шығарып салады. Сондай жігіттермен айтысып қателерін көрсеттім, әрі Ділмұраттардың нағыз арандатушы екенін делелдеп бердім. Оларды кейбірі түсініп, қайттыі. Олардың арнайы арандатушы екенін білседе күреспейді. Е. Қарин көрсеткендей бәленің бәрі солар құратын «ячейкаларда» ғой. Неге соларды ұстап, жауапқа тартпаймыз. Оның орнына айналып келіп «биліктегі сәлаф, депутат сәлаф» деп, шын террористерді дайындайтындар жайлы ауыз ашпай, жұрттың көңілін басқа жақа бұрып, кінәсіздерді жау деп жала жағамыз. Қианаты бәрәбір өзімізге, елге келетінін неге ұмытамыз?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз