Ақтөбеліктер Nіnety One тобының концертінде жарылыс жасаймыз деп қорқытқан
2016 ж. 04 қазан
3375
2
Ninety One тобының Ақтөбедегі концерті болмай қалғаны үшін ұйымдастырушылар 6 млн теңге өтемақы талап етіп отыр деп хабарлайды Times.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүтін бір қаланың атынан сөйлеген белгісіз біреулер концерт болатын күні жарылыс жасаймыз деп қорқытқан. Сондықтан, олар концертті болдырмауға мәжбүр болған.
“Біз стадионмен және рұқсат етілмеген митингіге шыққан адамдармен соттасқалы жатырмыз”, – деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.
“Біз Ресейден тапсырыспен 50 киловатт дыбыс әкелдік. Себебі, ол Ақтөбеде жоқ. Енді оларды орнату келген балаларды концер болардан екі күн бұрын он шақты адам стадионға кіргізбей қойыпты. Олардың айтуынша, Ақтөбеде террорлық әрекет болып жатыр. Сондықтан концерт болмайды деді. Бір де бір ресми тұлға жоқ”, – деп наразы болды ұйымдастырулардың бірі Алмаз Жарасқанұлы.
Оның айтуынша, ұйымдастырушыларға белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсеткен. Тіптен, кассирге де келіп, оны бұл арадан қуып шығамыз деп қорқытқан екен. Басшылар келмесе, кетпеймін деп қарсылық танытқан кассирді олар кассадан итеріп-итеріп шығарып жіберіпті.
Ұйымдастырушылар енді бұл іске заңгерлерді тартып, іске бел шеше кіріскен.
“Олар дергілікті музыканттар. Біз сияқты ұйымдастырушылар. Олар бізге тіпті жарылыс жасаймыз деп қорқытты. Біз соңғы жағдайларды ескере отырып, концертті болдырмадық. Енді 5-6 миллион теңге шамасында шығынға батып отырмыз. Әртістерге алдын ала төлеп қойғанбыз, жарнама, қонақүйге тапсырыс беріп қойғанбыз. Әуежай билеттерін де сатып алғанбыз”, -деп налыды ұйымдастырушы.
Ұйымдастырушалыр сатылған билеттерге кеткен ақшаны бір аптаның ішінде қайтарып береміз деп уәде етіп отыр.
Татьяна Токарьдан аударылды