Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Сот терактіге қатысы жоқ ақтөбелік ағайындылардың 10 миллион теңге талап еткен арызына байланысты материалды экспертизаға жіберді.

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етудеБұл туралы Керек-инфо хабарлайды.

"Самат пен Санат Қожаниязовтар газет пен Ақтөбе облысының ІІД сотқа берген еді. Ағымдағы жылдың маусым айында ІІД қызметкерлері қателікпен Самат Қожаниязовты терактіге қатысы бар тізімге енгізсе, ал Санат Қожаниязов өлген лаңкестердің тізімінде болған. Бұл деректер БАҚ-да және интернет сайттарда бір мезгілде жарық көрген. Бұнымен қоса, жергілікті баспасөз бетінде терактіге қатысы бар адамдардың тізімі жарияланған. Онда Самат Қожаниязовтың фотосуреті мекен-жайымен бірге көрсетілген", - делінген Сәуле Өтепбергенова оқыған қаулыда.

Ал бағанда бұл адамдардың қай жерде екенін полицияға хабарлансын делінген. Осыған байланысты арызданушы зәбір көргенін, қорланғанын және осы уақытқа дейін қолайсыздық көргендерін жеткізді.

Олар терактіге қатысы жоқ, отбасылы, қарапайым жұмысшы адамдар. Қожаниязовтар 10 млн теңге моральдық шығын талап етіп отыр.

Қылмыстық іс материалдарын тексеру нәтижесінде, сот газеттегі текстке психо-физиологиялық сараптама тағайындаған. Осыған байланысты сот процесі уақытша тоқтатылды.

Сараптау жұмысы баспасөздегі материал ағайындыларға қаншалықты кері әсер тигізгенін анықтамақ. Айта кетелік, әдетте сараптама жұмыстары бір жарым ай уақыт көлемінде жүреді.