Елімізде танымал өнер жұлдыздарының арасында салафиттер бар ма?!.

19
7812

19 ПІКІРЛЕР

  1. Аллаhтың елшісі мұхаммад оған Аллаhтың сәлемі болсын ақырзаман жақындаған жер жұту,тас жаууы және құбыжық бейнелер (пайда) болады- деген .Ол қашан ,уа Аллаhтың елшісі -деп сұрағанда ,Ол ән-күй аспаптары мен әншілер көбейсе ,- деп жауап беред». Исламда музыка харам және де қаират жолдыбайдың кітабын оқығандарды тура жолда екенін қаидан білесіңдер мүмкін олар адасыда шығар ,музыканы халал деп патуа берген адам тура жолда бола ма сонда

  2. Оның «Шынайы таухидті Мухаммед аб ал-Вахаб қана орнатты» деп айтқан сөзін қайтесіндер? Вахабиттерге қазақ қоғамына алғаш жол ашып берген «ағалардың» ең белсенділерінің бірі болғандығын қайда жасырасыңдар? Мұның бәрін жала десеңдер аудиожазбалары жүр ғой, а?

  3. бекболат зангер ,саясатшы ,когам белсендилеримен акылдасып барып не деди ,мен еситпепин?моротория жариаланбаи турыппа?

  4. Сен алдымен жерге қатысты материалдарды жақсылап қарап ал, сонда кімнің «жер товар емес, оны кредитке қоюға болмайды» деп айтқанын көресін. Екіншіден депутат, оның үстіне бүкіл қазақ сайттары бір Бекболаттың атына қаншама талап сөз айтып «Бекболат халықты баста» деп жатқанда, бүкіл билігі, партиясы, күштік органдары ай қарап отырды дейсің бе сол Бекболатты күзетпей. Иә, Бекболат көпшілікке ұнайтын сөз айтты делік, сонда не болды халықты дүрбелеңге бастап, арты қырғынға жалғассын дейсің бе? Әрі депутат, оның үстіне Бекболат секілді депутат бастағанда халық жаппай көтеріліп кету мүмкіндігін -надан ғана білмейді. Сонда бір жағынан халықты ұйыққа тығып, екінші жағынан өзімен бірге ондаған жастарды изоляторға тоғытып түрмедеі отыру керек пе еді. сондай болғанда бәрібір даттап жазатындар табылар еді «Ол бәлеге сол керек, ол қазақ үшін емес, тек мақтан, бедел үшін шығып, елді ойранға салды» деп.Сондықтан да Бекболат алды-артын ойлап, «қалай етсек елге де, жерге де пайдасы болады» деп, заңгер, саясатшы, қоғам белсенділерімен ақылдасып барып әрекет етті. Олардың ойласып істеген жұмысы аталған жер коммисиясының құрылып, оған қоғамның белсенді заматтары шақырылып, соңы заңға маротори жариялаумен, яғни қайырымен болып жатыр. Бұл істер Бекболат секілді жігіттердің үнін шығарып, айқайламай тікелей араласып, ғалымдардың бұл қадамның қажеттілігін делелдеумен жүзеге өте бір қиындықпен асатынын көпшілік болсада біле бермейді. Айқай сырттағы қоғам белсенділеріне жарасады, ал депутаттың елге қажетті көп істі айқай-шусыз бітіруі қажет.

  5. аитылган соз атылган ок дегендеи:бекболат жер шетелдиктерге сатылмаиды ,шетелдиктерге жалга берилсин, озимиздиктерге сатылсын деген позиция да болды,жер товар емес ол сатылмаиды деген дос кошим аиткан.журналист депутат алдына барып жер туралы сораганда тек косерев мырза жер сатылмасын деп жан аикаи салган еркек,бекболат не соилерин билмеи жалтактап оиланып аиту керек деп екижуздик позицияда болды .

  6. Ойбай, енді әрбір намаз оқитын танымал тұлғалардан бастап тексерейік. Алдын сыртқы келбеті, жүріс-тұрысын, кейін жүрегін тексерейік. Өйткені сыртынан момақансып жүргенмен ішінде не бәле жатқанын білмейміз ғой. Ал оың ең жақсы тәсілі «детектор лжи»дан өткізейік. Бірақ, бұлар әнші, әртістер емес пе, детекторыңды да алдап соғар. Сонда тағы қандай амал бар екен, ә ? Бәріміз ойланайық, жауабын тапқанға приз жарияласақ. Екінші жағынан олай бас қатырып не істейміз, егер бізді бағындырып бақытқа бөлегісі келген шет елдік алпауыт ағайындардың қазақ үшін жасағысы келген игілікті істеріне бұлар кедергі келтіріп, түсінбей жатқан болса, несіне уақытты созып бас қатырамыз. Бұлардың әрбірі шетінен қасарысқан қырсықтар, болмаса батыстың өркениетті мәдениетіне қайдағы бір «одно палка, два струнасы» бар, қазақтан басқа ешкім түсінбейтін «тарих архивына» әлдеқашан тапсырылуы тиісті ескілікті жоқтау мен атыңөшкір екіжүзді бұлбұлдың жаман даусындай әндерін және артта қалған діндерін қарсы қойып тормоз болар ма еді. Бүкіл әлем бір жанұямыз десе, бұлар қазақ елім, жерім, дінім деп масқарамызды шығаруда. Бір жолын тауып бұлардан құтылмасақ – әлемдік көштен қалып ұтылатынымыз анық. Оның үсіне бұлар жалғыз емес, жер шары әлем үніін аңсаса, мана сайттың «Қазақ үні» деп, енді бірі «Абай», «Қамшы» деп қақсап тұрғаны міне. Әлде бір пісуі жетпей тұр ма, тағы бірәз күтіп «осылай шоғын үрлей берсек» жақандану жандарын тазартқан бауырларымыздың көзі ашылып еркекшораларымыздың саны артқанда ұлшылы, иманшылы бар бәрін барсакелмеске жөнелтеміз. Тек күн-түн демей қызғаныштың, көреалмастықтың, мемендіктің, дүниеқұмарлық пен мансапқорлықтың, надандықтың отын үрлей түссек болғаны нәтижесі көп күттірмес. Бұлар түгілі кешегі алаш арыстары деп үлгі тұтар ағаларында өздері солай құртпады ма.
    ЖОҚ, СЕНДЕРДІКІ ЕСЕК ДӘМЕ. Адам болжайды, бірақ Аллаһтың қалағаны болады. Ал Аллаһ өзіне сенген шынайы құлдарын қашанда қиыншылықтан алып шығып, қорғаушы, мейлі керек десең бүкіл әлем болып қарсы шықсаңда! Қазағымның ұлтжанды, иманы берік асыл азамттары аман болсын!

  7. қуады осы сайттар. намаз қып жүр ғой. арақ ішіп жүру керек пе сонда? или заказ ба?

  8. Елім деген ерлерге, ел болашағын ойлар ерлерге дәл осындай пікірлер жазу өте ұят. Бекболат ағаның қазаққа жасаған жақсылығын қалай ұмытуға болады.

  9. Ассалаумағалейкүм, арда ағайын. Біздің қоғам қайда барады? Шіркін, Бекболаттай ұлы бар қазақ бақытты ғой. Елім деп ән жырлаған, тілім деп шырылдаған. Біз неге осы кісінің қазақ үшін жасаған еңбегін ұмытып кетеміз. Неге бірден жаман ойлап, әрбір нәрсені жазуға құмармыз? Ағайын, Ақтамбердінің бай мұрасын да тірілткен осы Бекболат қой.

  10. Орыстың генерал -губернаторы М. Сперанский деген сонау өткен ғасырдың басында жазған екен «Қазақ жерінде сексеуіл дген ағаш өседі. Соны бір біріне ұрып жарады. Сол сияқты қазақтар да үш жүзге, әлденеше руларға бөлінеді. Біз де оларды бір біріне қарсы қойып, сексеуіл сияқты быт -шытын шығаруымыз керек.!»
    Біздің бүгінгі Билік дәл сол Сперанскийдің жұртынан, – қазақтың жақсы, жанашыр азаматтарын, қоғамдағы ізгі ұйымдарды осы әдістермен жойып келеді. Өсек әңгіме тарату, жала жабу, бірін сатып алып, бірін қорқытып, бірін бопсалап «елім» деген азаматтарды өзара араздастыру, рулық таластарға ұрындырып орталарына от тастау, араларына арандатушылар салып, іріткі жасау, болмай бара жатса ашық қудалаумен соттау, өлтіру- Билік айналасындағылардың халыққа қарсы ұстап отырған негізгі қарулары. Жарқ етіп көрінген жақсы азамат болса-қашан оның абыройын төгіп, жерге тыққанша олар тыншымайды. Осы амал, айламен ұлттық оппозицияны тас талқан етті. Осы қулық сұмдықтармен биліктегі бірен -саран бас көтерген арлы азматтарды құртты. Біздің қоғам -түнерген түнек болып тұр! Жан -жағына жарық шашар тұлғаларды бұл түнек көтере алмайды, өшіргенше асығады

  11. Әйгерім, тілегің алдыңнан шықсын. Бұл видео 1998-ші жылдары түсірілген. Ол кезде кадрдағы кейбір кісілер аман-сау еді ,кейінгі жылдары ол кісілер дүниеден өтті. Дарын сол жылдары Жамбыл облысының бір ауданында бас имам болып жұмыс жасайтын.ҚМДБ-ның нұсқауы бойынша шақырылған жерлерде уағыз айтып, дінді насихаттайтын. Ол кезде уағызшылар өте аз еді. Сол жылдары Дарын Алматыда жиі уағыз айтты, ол кезде уағыз айтқан имамды көпшілік «ұстаз» дейтін. Ал Бекболат жас имамдарды «ұстаз» деп көтермелеп, қолдау білдіретін. Ал Дарынды тыңдамау жайлы мәселе 2008-жылдары оның Алла Тағаланың сипаттарына байлангысты жеке пікірн айтуына қатысты басталды. Кейін ол қатесін мойындағанмен сен айтқан қор оның сабақтарын тоқтатты. Сенің ұстазыңның айтқан сөздерне қосыламын. Дінді уағызшылардан да, белгісіз кітаптардан да үйренбе, ал интернетке дін мәселесінде жолама. Дін комитетінің сараптауынан өткен жақсы кітаптар баршылық, солардан біліміңді арттырсаң нұр үстіне нұр болады. Әрі ең бастысы намазыңда Алла Тағаладан адастырмай тура жолда жүргізуін әрдайым тілеп жүр. Сонда өзіңе де, үй-ішіңе де, еліңе де тигізер жақсылығың еселене түспек.

  12. Бекболат ағаның айтқан сөздері өте әсерлі екен. Бірақ маған ұнамағаны Дарынды ұстазымыз деп айтқаны. Бұрын Дарынды жұрттың бәрі тыңдайтын еді, қазір тыңдамаған дұрыс дейді. Бірде, Халифа Алтай қорында сабақ берген ұзтазымыздан «Дарын ұстазды неге тыңдамау керек деп жатыр» деп сұрағанымда ол ағай «Уағызшылар көп уағыз айтқанда, қателері, жаңылулары да көбейеді. негізі дінді жақсы, рұқсат берілген кітаптардан, мешіттегі ұстаздардан жүзбе-жүз алған дұрыс» деді. содан бері ешкімнің уағызын тыңдамайтын болдым. Ал Бекболат ағамыз дін, ұлт, тарих жайлы айтқанда отаншылдық сезімім артып, елімнің дамуына қолдан келгенше өз үлесімді қосқым келеді. Мен Бекболат, Балғынбек, Мейрамбек, Қыдырәлі ағамызды және Алтынай құрбымды қатты сыйлаймын, Аллаһ оларды өсек, жаладан қорғап, екі дүние игілігіне бөлесін.

  13. Казакта исламнан 100% сауатсыз кандайда казак мусулман десе оны жокка шыгарып уахабист деп ат койып койган казак християн устанымы дурыс арак наркамания оте женыл кудайга сиыныу ушын киындык тугызбаиды ал ислам жалкау казакка кол емес 5 парызды орындау намаз окыу казак кол емес казыр » жалган патриоттар » кобеиып кеткен

  14. Апыр-ай, мыналардың әрбірі қазақтың маңдайына біткен «елім, жерім» деп, ұлт үшін қызмет етіп жүрген асыл азаматтары ғой. Өзінде бардың қадірін білмегендер, оған зар болатыны анық.

  15. Жер мәселесі бойынша Бекболат «Қазақтың жері ешкімге сатылмайды» деп қазақ депуттардың ішінде бірінші болып айтты. Ал Атырауда өткен жер коммисиясы отырысында «Бекболат кімнің кім екені жерге қатысты мәжілісте кнопка басқанда анықталады, сол бәрін көрсетеді» деп ашып айтты. Бүкіл билік Бекболатты күзетіп, ал бүкіл халық Бекболатқа үміт артуы – халықтың кімге сенетінін, ал биліктің кімнен қорқатынын білдіріп тұрғанын, түсінгісі келмейтін адам ғана түсінбейді. Мұндайда қазақ «Ымды білмеген, дымды білмейді» деген. Сол Бекболат «жер товар емес, жерд кердитке қоюға болмайды» деп айтқан жалғыз депутат, себебі қазір жерді алып, оны банкіге өткізіп кредит алғандар қаншама, ал жер банкінің иесінің меншігіндегі товар. Тағыда сол Бекболат «Оңтүстіктің, атыраудың жер алам деген халқына, солтүтік, шығыс, орталық аймақтан лготьпен арендаға жер берілсін жене адамдардың ауылдастарымен бір жерге орналастыруға мүмкіндік туғызу керек» деген. Берік, сен алдымен мән-жайды танысып, білсейші, не әлде саған теріс пікір жазғаның үшін ақша бере ме?

  16. Материалды оқығандардың ішінде ерекшеленетін бір топ бар, олардың беретін бағасы «Бұлардың бәрін құртқызбай болмайды. Екіжүзді оңбағандар. Тоқтай тұрыңдар, бәлем, ұстаздарың Бекболаттан бастап бастарыңа әңгір таяқ ойнатамыз, әлі кімнің кім екенін көресіңдер» дегенге саяды. Бұлар бұл сөздерін күнде айтады. Ал ерекшеленуі себебі – бұлардың бірі өзін сәләфитпін деп атаса, екіншісі өзін сопы санайды, үшіншісі гүленші, төртіншісі «дозақтың иттері» саналған харажиттер, бесіншісі қазақтың жақсысысын көре алмайтын «жүрегі дерттілер, ал алтыншысы қазақты құрту мақсатында рухани дағдарысқа ұшырату үшін елімізді құл етіп, бағындырғысы келген сыртқы,жаулардан тапсырма алған сатқындарымыз.

  17. Мына бейнефильмді көріп отырып ойға қалдым. Бекболаттың әндерін алдын сүйіп тыңдайтынмын, кейін Бекболат жайлы қазақтілді сайттарда жазылған теріс пікрлерді көп оқығандықтан болар, ол кісіден көңілім суып кетіп тыңдауды қойдым. Депутат ретінде көтерген мәселелері көкейтесті, қажетті мәселе болса да көілімді дәндеген күмән ішімді жылытпайтын. Бірде «Бекболат шешесін отырған күйі, жаназасын түнде шығарып жерлеп тастапты» дегенді есіткенде не сенерімді, не сенбесімді білмей «бұл қандай антұрғандық» деп, қаным басыма шапты. Жүрегім «мүмкін емес» десе, ақылым «басы уланған уаххабист қой, жұрт бекер айтпайды, болмаса неге шынын айтып ақталмайды» дейді. Сонда Бекболатқа бола жалпы қазаққа жыным қысып, «бейшара қазақты құртып бітетін болдыңдар» деп, ашуымды Бекболатты сыйлайтын намазхан немере інімнен алғым келді. Ол «Бекболатты өзіңіз көріп, тілдестіңіз бе, не ол жайлы естіген хабарларыңыздың шын, өтіріктігін анықтадыңыз ба» деп, телефонмен сол жаназаға қатысқан танысын шақырды. Бірақ мен Бекболат жайлы тек, есіткен сөздерден ғана білетінімді мойындағым келмей, ол туралы айтылғандарды, өзім куә болғандай тізіп бердім. Інімнің танысы жаназаға арнайы барып қатысқанын, жаназаға елдің әр түкпірінен ол кісінің достары келгенін, Астанадан жоғары лауазымды адамдардың болғанын, көп адамның қатысуымен марқұмды арулап көміп, артынан орталық дәмханада тамақ беріліп, Жезқазғанның өкіл имамы құран бағыштап, көпшілікке уағыз айтқанын тізіп берді. Әрі «Аға, Құранда біреулерге қатысты естіген хабарды анықтап алмайынша, шешім шығармаңдар деген үкім бар. Қазақта да Абай атамыз «Жұрт айтса болды, көп айтса көнді, әдеті надан адамның» деп арампиғылдылар айтқан жел сөздің құрбаны болмаңдар деп ескеркерткен ғой» дегенде, жеңілгім келмей «онда ол неге айтып ақталмайды» дедім. Ол «ақ адам не үшін ақталу керек, «ит үреді, керуен көшеді» емес пе» деді. Мүмкін «надан» деген сөз намысыма тиді ме,не ақиқатты анықтағым келді ме, әйтеуір Бекболатқа қатысты жазылғандарды, бейне материалдарды қарап, онымен араласатын інілерімнен ол жайлы сұрадым. Шынымды айтса сонда оған қарсы ілік іздеген едім. Таптым да, біріақ оларым әр адамда бар жай пеншілік қана екен. Ол оқытқан бір танысымның баласы, оның Консерваторияға Қазгу-ден арнайы оқытушы алдырып «Ұлт негіздері» деген пәнді жүргіздіргенін айтса, «Қазақстан» телеканалында редактор болған танысым «Бес анық» хабарды дайындауға қатысқанын, сонда Бекболаттың сол хабарды жүргізіп «Ұлт -тілі, салт-дәстүрі, діні, мәдениеті, тарихи санасы, атамекенімен ғана ұлт» деп жіктеп бергеніндей насихатты әлі естімегенін тамсана айтады. Дін жайлы айтқандарынан уаххабист дейтіндей бір ілік табалмадым, қайта оны көрушілер ата-аналарын сыйлап, ұлтын, дінін сүйуге талпынғанына куә болдым. Ресейлік Шамил Алауиддинов дегенді қазақтарға «пір» етпекші болып насихаттаушыларға «Өзімізде сол секілді оқыған Қайрат Жолдыбай секілділер бар ғой» депп имамдарымызды көтергенін қазақ тілді сайттардан кейін көрдім. Расында, недеген әумәсар едім, мәселе Бекболатта емес, мен сол секілді өзім танымайтын өзге адамдарға да қатысты, көпшілік айтқан кез-келген сөзді қабылдап, қосыла береді екенмін. Бұл бір дерт секілді, » олар не бізден артық па» дегендей абырой-беделі көтеріле бастағандарды жамандай бастаса, жоқ жерден қалай қосылып кеткеніңді байқамай қаласың. Осыларды түсінген соң қазақтың ар-намысы үшін әрекет етіп жүрген жігіттерден, бұрын сыртынан айтқан теріс сөздерім үшін сырттай болсада кешірім сұрап, енді «кешегі өзім» секілді надандықта жүрген баурларыма «Бұл жігіттердің кінәсі, қазақтың мүддесін қорғағаны ма, бізге қазақ жігіттерінің бірлігі керек емес пе» деп түсіндіріп, кеңес айтатын болдым.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз