МОЛДАЛАР ДІНДАР ҒАНА ЕМЕС, ҰЛТШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК

3
1943

Картинки по запросу мешіт астана

Ұлттық идеология ұғымын Батыс өркениеті қабылдамайды. Батыс тек құндылықтарды қабылдайды: біздің құндылықтар – қазақ мәдениеті, қазақ тілі, қазақы исламы. Осы үш құндылық қазақтың басты приоритетті болу керек. Аталған үш басымдылық реабилитацияны қажет етеді.

Отаршылдық кезеңі, геноцид, ұлттың бөлшектенуі, «қазақ әлемінің» қасіретті тағдыры және деформациялар туралы баяндап, қазақты әлемге танытуымыз керек. Қазақ ұлты есін жию қажет. Егемендік алған тұста бұл үрдіс жақсы өріс алған еді, бірақ дұрыс аяқтай алмай отырмыз. Бөлшектенген қазақ ұлтын оралмандар көші арқылы біріктіруді жолға қою керек. Германия сияқты өз оралмандарымыздың құқығын Конституцияға жазсақ та артықтық етпейді.

Жалпы, алғанда орталық объектіміз – қазақ мәдениеті, қазақ тілі, қазақы ислам болғаны жөн. Бұл әр объект жеке институт рөлін атқарады. Қазақы ислам – әлемдік исламның бір бөлігі. «Дәстүрлі ислам» дегенге еріп кету дұрыс емес, себебі «дәстүрлі ислам» дегеніңіз «бұлынғыр» аталым. Сол үшін де ешкімге жалтақтамай «Қазақ исламы» деп нақтырақ атасақ. Бұл біздің ата-бабамыз ұстанған діннің этносаяси контексін көрсетеді. «Қазақ исламы» деген ұғым дефиницияны анықтайды. Қазақ мәдениеті, қазақ тілі, қазақ исламы… бәрі де қазақ құндылықтарын реабилитациялануын күшейтеді.

Қазір әлемде клерикализация бағыты күшейіп келеді. Өзбек, тәжік, түркмен, қырғыз, қазақ секілді ұлттар исламшыл этносқа айналып жатыр. Ал Ресейдің орыстары православие жетегінде кетіп барады. Толерантты Еуропа оңшыл ұлтшылдыққа бет бұрды. Осы ғаламдық клерикалдануға жалғыз-ақ адекватты жауап бар: ол – ұлтшылдық пен қазақ исламы, ал «дәстүрлі ислам» дегеніміз тым жалпылама, болбыр түсінік.

Қазақ молдасы діндар ғана емес ұлтжанды, тіпті ұлтшыл болса, әсіре исламизм шектелер еді. Ал қазақ мешітінде орыс тіліне уағыз айтуға жол беру – Қазақстанда ресми түрде «русский исламға» жол беру болып саналады. Орыс исламы қазақ тілін, қазақ мәдениетін, қазақ дәстүрін мойындамайды, олар қазақ исламын ислам деп есептемейді. Біз Қазақстанда орыс тіліне «қамқорлық жасау» арқылы тек тілдік зауалдарға тап болып келеміз: Мәселен, орыстілді қазақтар басқа ұлтқа айналып барады, олардың өз тілі, діні пайда болып жатыр. Яғни, олар болашақта «русский ислам» деп атауға болатын салафизмнің бір түрін ұстанатын болады.

Қазақстанда бір-ақ ұлт бар. Ол – қазақ ұлты. Басқа этностарды ұлт деп атау – Конституцияны бұзу және сепаратизмге жол ашу. Мешіттерге орыс тілін енгізу де сол сепаратизмді қолдау болып есептеледі.

Әзімбай Ғали

qazaquni.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. Өте дұрыс. Орысша сөйлейтің қазақтарымыз қазақша сөйлеп , түсініп алсың керек болса.

  2. Әзімбай, сен кеше /2000-жылы/ «Қазақстан» телеарнасынан «қарттар үйін көптеп ашып, үлкендерді сонда өткізу керек. Сол жерде кемпір, шалдар бір-бірімен танысып, табысады, махабат құрады. Ал балалары оларды үйге қамап қойып, жағдайын тарылтып отыр» деп айтқан едің. Енді «публичный», яғни «жәлепханалар жайлы оң пікіріңді айтпайақ қояйын, әйтпесе жарнамалаған боламын. Осылай деп жүрген сен дінде нең бар. Справочниктерден жинаған мағлұмат білім болмайды. Ислам діні – Құран мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың сәлемі болсын, Аллаһтан түскен уаһилары бойынша айтқан хадистері мен сүннетінен тұрады. Бұдан жүз жылдай алдын ғұлама бабамыз Ғұмар Қараш «Адам дінді сақтай ма, жоқ дін адамды сақтайма» деп сұрақ қойып, өзі «Дін адамға мұқтаж емес, дін адамды сақтайды, адам дінге мұқтаж» деп, жауап берген еді. Ал енді сенікі бойынша қазақ дінді сақтайтын болып тұр. «Дәстүрлі Ислам» дегенде дінді емес, керісінше осы Ислам дінінің қазақ жеріндегі ұзақ тарихында қалыптасқан кезеңіндегі дәәстүрін айтады. Ата-бабаларымыздың Ислам діні негізінде қалыптастырған дәстүрін, өмір салтын айтады. Ислам діні бүкіл әлемде жалғыз дін, ол өзгермейді, ал жер шарының әр бөлігіндегі түрлі халықтар Ислам дінін ұстану арқылы өздерінің салт-дәстүрлерін өзгертіп жаңа рухани сипатқа ие болады. Аллаһ Тағала кемел, ұлы әрі аса Дана, Оның адам баласына жіберген діні де даналыққа тұнған әрі кең. Сондықтан әбір халық ұлттық тұрғыда қанша түрлі болғанымен, өздерінің сантүрлі салт-дәстүрлерін ислам рухына сай өрнектеп, сол бір-бірінен ажыртып тұратын дәстүрлерімен өмір сүреді. Ол этностардың барлығында да бір Ислам, әрі бұл оларда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерінде қамтиды. Сондықтан «Дәстүрлі Ислам» дегеніміз әрбір халықтың өздеріндегі мәдени, шаруашылық, климаттық ерекшеліктерін қамтыған Ислам дәстүірі. Ағайын, «сен білесің» дегенге жалаңаштанып» өзімізді де, ұлтымызды да масқаралап жас ұрпақты бұзбайықшы.

  3. Оте дурыс.Ар турли дини коз карастардан казакты аман сактаудын жолы осы.Азимбай аганын осы пикирлеринен занга енгизсеши.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз