Ж. Асанов: Әсіредіншілдер әлеуметтік желіде еркінсіп кеткен
2016 ж. 01 қазан
3165
2
Еліміздің бас прокуроры әлеуметтік желіні бақылауға әлі келмей отырғанын мойындады. Соның кесірінен лаңкестік пен зорлық-зомбылықты насихаттаушылардың жолын кесе алмай отыр, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Ел ішінде іріткі салып жүрген әсіредіншілдердің қатары осы әлеуметтік желі арқылы күн санап көбейіп барады. Жиһадқа шақырған содырлардың үндеуі де еркін тарап жатыр. Тіпті, маусым айында Ақтөбеде сойқан салғандар Сириядағы имамдарының нұсқауымен қолдарына қару алған болатын. Сол қырғын кезінде 18 содырдың көзі жойылды. Ақтөбенің студенттерімен кездескен Бас прокурор әлеуметтік желіні бақылауға әлі күнге дейін техникалық жадайдың жоқтығын мойындады. Дегенмен, өзі ғаламтор арқылы емес, тікелей ел аралап насихат жұмысын жүргізуді жөн санапты. Ол үшін кеше екі жүзге тарта нөкерін Ақтөбеге ерте келген еді. Олар бір айы бойы осында болып, облыстың әлеуметтік жағдайымен танысады. Жат ағымның жетегінде кеткендерді жөнге саламыз деп отыр. Ақтөбеде екі күн ғана аялдаған бас прокурор - әріптестерінің мұндағы жұмысын Астанадан бақыламақ.
Жақып Асанов, ҚР бас прокуроры:
- Бұрын біз сырттан келетін террористерден қорқатын едік. Қазір енді ішімізден шығып жатыр. Бұл деген өте қауіпті. Олардың мақсаты біреу. Әлемді жаулау, билікті алу.
qazaquni.kz