Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетті бітіру міндетті емес

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесу барысында жақсы өмір сүру үшін университетті бітіру міндетті еместігін алға тартты. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетті бітіру міндетті емес"Жақсы өмір сүру үшін жақсы университеттерді бітіру міндетті емес және ондай адамдар шамамен әлем бойынша екі пайызды алады", - дейді мемлекет басшысы. Ол алғашқы болат қорытушы мамандығын техникалық училищеден меңгергенін алға тартты.

"Жұмысшы мамандықтар адамға күнделікті нанын тауып беріп қана қоймай, университеттің дипломынан да үлкен абырой әкелуі мүмкін. Алғашқы жылдары жастар экономист, заңгер болуға талпынатын, ақыры сұранысқа ие болмай қалды. Сол үшін жұмысшы мамандықтарға құрметпен қарау керек. Мен басшылар қоластындағыларға дауыс көтергенін ұнатпаймын. Олай істеуге болмайды", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.