Ж.Асанов: Бұрын сырттан келген террористерден қорықсақ, қазір олар арамыздан шығып жатыр

Бүгін Ақтөбеге Бас прокурор Жақып Асанов бастаған жұмыс тобы келді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай өңірдегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге келген топ алдымен облыс активімен кездесті. Басқосуда жұмыссыздық, құқық қорғаушылардың біліксіздігі мен жат ағымның жетегінде кеткен азаматтардың сана-сезімін өзгерту жайы айтылды. Бас прокурордың айтуынша, бұрын халық сырттан келген террористерден қорықса, қазір олар арамыздан шығып жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Картинки по запросу жақып асанов

«Ақтөбе облысында 384 ауыл бар. Ауылдарды 142 әкім басқарып отыр екен. Мен экономист, арнайы маман емеспін. Мәселен, ауыл тұрғыны менің қалтамда 100 мың теңге бар, немен айналысамын деп келуі мүмкін. Әкім алдына келген адамға сол аймақта табысты болатын кәсіптің тізімін беруі керек. Мемлекеттік бағдарламалар мен несие, субсидия беру жолдарын ұғындырған абзал. Ол үшін әкімдер арнайы семинар-тренингке қатысып, тәжірибе жинайды. Білікті мамандар ауылға барып, 1 айда түрлі тақырыптық дәріс жүргізеді»,- деді Бас прокурор Жақып Асанов.

Бас прокурор жұмыссыздық пен жұмыссыз жүргендердің қылмысқа бейім екенін айтты. Мәселен, 1997 жылы қылмыс жасағандардың 59 пайызы жұмыссыз болса, қазір олардың қатары 83 пайызға дейін артып отыр. Ақтөбе облысының активімен кездесу өткізген Жақып Асанов өз туыстарының да жұмыссыз жүргендерін, қолынан іс келмейтіндердің бос сенделетінін жеткізді.

«Қылмыстың алдын алу үшін жұмыс орнын ашып, кәсіппен айналысуға бар мүмкіндікті жасау қажет. Басқа тиімді жол жоқ. Құқық қорғаушы қызметкерлердің де кемшілігі аз емес. Ең бастысы  кадр дұрыс емес»,- деді Жақып Асанов.

Жұмыс тобы 5 маусым күні болған лаңкестіктің себебін анықтап, салдарымен күреседі. Сонымен қатар, олар оқыстан оқу-жаттығу жұмыстарын облыс орталығында ғана емес, аудан, ауылдарда өткізеді. Тексеруге емес, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін келген прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен дін істері мамандары кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Ал дәрігерлер ота жасайды. Кәсіпкерлікті қолдайтын қаржы институттары ауылға барып, әкімдерге жаңа жобаларды қолдау жолдарын үйретеді. Имамы жоқ мешіттерге арнайы дайындалған мамандарды тағайындап, пітір садақалардың мақсатты жұмсалуын қарайды. Өздерін ашық, әрі әр мәселеге мұқият боламыз деп сендірген мемлекеттік қызметкерлер сала-салаға бөлініп, келген шаруаларына бүгіннен бастап кірісті.

«Қазір бұрын болмаған жаңа қауіп пайда болды. Ол  терроризм мен экстремизм. Қауіп бүкіл әлемді жаулады. Планетамыздың қай жерін алсаң да жарылыстар. Түркия, Франция, Бельгия, Ресей, АҚШ, Сирия, Ирак... Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Қылмыскер ислам дінін жамылып, қарапайым халықтың қанын төгіп жатыр. 2014 жылы террористер 32 мың адамды өлтіріпті. Бұрын сырттан келген террористерден қорқушы едік, қазір олар арамыздан шығып жатыр. Бұл елдің берекесін алып, мазасын қашырады. Жұрт не жұмысын, не бизнесін жасай алмай, «қауіп қашан басылады» деп үйінде тығылып отырады. Лаңкестерге де халықты қорқыту, үркіту, үрей туғызу керек. Мұндай теріс идеологиямен күресу тек құқық қорғау органдарының емес, бәріміздің міндетіміз»,- деді Бас


Барлы? ???ы?ы ?ор?ал?ан.

BNews.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:

- басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.

- Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.