Даниал Ахметов мемлекеттік қызметкерлердің жұма намазға баруына қарсы екенін мәлімдеді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шенеуніктерге жұма сайын мешіт жағаламай, жұмыс істеуге кеңес берді. Өңір басшысының ойынша, адамдар жұмыс тәртібін бұзбауы тиіс деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

ШҚО әкімі жұма сайын мешіт жағаламай, жұмыс істеуге кеңес бердіШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысына келген Даниал Ахметов діни экстремизммен идеологиялық күрес бойынша есеп берді. Өңір басшысының ойынша, ШҚО-да идеологиялық күрес лайықты сарапатамасыз әрі тиімсіз жүргізілуде.

Сөз соңында Ахметов Конституция нормалары мен жұмыс тәртібін сақтау мәселесіне жеке тоқталып өтті.

"Қазақстан Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Алайда мен жұма сайын ондаған мемлекеттік қызметкердің жұмыс уақытында қайда кетіп жататынын білемін. Доғарыңыздар. Екі мейрам бар - Құрбан айт пен Рождество. Оларға қатысқандарыңа еш қарсылығым жоқ. Сіздер конституциялық алаңда қызмет атқару-атқармау жағын өздеріңіз таңдайсыздар... Біздің қызметкерлер жұма сайын мешітке кетіп жатады. Ал басшылар олардың жұма күні не үшін жұмыс орнында жоқ екенін бақылап отыруы тиіс. Жұмыс уақытында діни мекемелерге бару - бұл жұмыс тәртібі мен әр мемлекеттік қызметкердің Конституция талаптарын орындау мәселесі", - деп ескерту жасады әкім.