Ақпанда туғандар

2
6378

Ақпан айында туылған-дар Олар – тік мінезді, ұстамсыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл-күйіне байланысты өзгеріп отырады. Жан-дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды білмеу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны өтеген соң қынжылмай ұмытып кету. Бұл айда туылғандар кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді менсінбейді, үнемі ақкөңілділік, мейірімділік таныта қоймайды. Біреудің арамдығын іштей сезіп тұрса да, білмеген сыңай танытады. Өзі сыйластық танытқан адамы сыйластықпен жауап қайтармаса, ол туысы ма, досы ма, бәрі бір, кейде онымен қарым-қатынасы «қатып» қалады. Негізінен, мұның бәрі осы айда туылған ер адамдарға тән. Олар сұлулықты, тазалықты, әсем әуен, суреттерді, табиғатты сүйеді.

•Кенжеғали Сағадиев – Мәжіліс депутаты, экономика ғылымының докторы, профессор, академик, Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қызметкер. 1938 жылы 18 ақпанда туған
• Ескен Елубаев – жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. 1942 жылы 18 ақпанда туған
• Анатөлі Құлназаров – «2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымының докторы. 1946 жылы 18 ақпанда туған.
• Сабыр Қайырханов – «Ақ Жайық» газетінің бас редакторы. 1951 жылы 18 ақпанда туған
• 1921 жылы 19 ақпан – қазақтың көрнекті заңгері, қоғам қайраткері, академик Салық Зиманов дүниеге келді. Тәуелсіздіктің елең – алаң шағында Парламент депутаты ретінде танытқан бөлекше біліктілігі ел есінде. Атап айтқанда, Қазақ ССР – нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның мәтіні бас – аяғы үш тәулік ішінде жазылып біткен болатын.
• 1922 жылы 22 ақпан – қазақтың тамаша кинорежиссері Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин дүниеге келді. Таңдаулы туындылары – «Шоқан Уәлиханов», «Оның күні туады», «Тұлпардың ізі», «Артымызда – Мәскеу», «Мәншүк туралы ән» фильмдері. 1978 жылы қайтыс болған. Қазақтың үш үлкен кинорежиссері – Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаев өмірден 56 жасында өтті.
• 1941 жылы 22 ақпан – қазақтың белгілі жазушысы Бексұлтан Нұржеке дүниеге келді. Шығармаларының негізгі арқауы – әйел махаббаты.
• 1946 жылы 22 ақпан – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті болған Нағима Әбенқызы Айтқожина дүниеге келді. Туған ағасы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Мұрат Айтқожин да кезінде Ұлттық ғылым академиясының президенті болған еді.
• 1917 жылы 21 ақпан – қазақтың көрнекті сахна шебері Хадиша Бөкеева дүниеге келді. Драмалық, комедиялық және трагедиялық рөлдерде бірдей көрінген дарын иесі.
• 1916 жылы 25 ақпан – қазақтың тамаша әншісі, кино актері Кәукен (шын аты Әбдірахым) Кенжетаев дүниеге келді. Репертуары бай, сезімге терең бойлайтын дара талант. Ағасы Шәкен Айманов туралы жазған «Дархан дарын» атты кітабы бар. Әншінің «Алтыбасарды» орындауын вокал өнерінің ең биік үлгілері қатарына қоюға болады.
• 1932 жылы 26 ақпан – қазақтың белгілі сәулетшісі Шота (Шот – Аман) Уәлихан дүниеге келді.
• 1918 жылы 28 ақпан – қазақтың белгілі композиторы Садық Кәрімбаев дүниеге келді. Бала күнінде шешекпен ауырып, зағип болып қалған сазгердің шығармалары кеңестік дәуірдің ән шежіресі іспетті.

2 ПІКІРЛЕР

  1. те керемет жазылган Мурат ага маган устаз болганынызды калаймын мен Магистр Биологпын Жетісай каласынан мен сіз секілді биік шындарды багындыру максатым Жумыстарынызга табыс ізгі ниетпен Назира Нургаликызы Г.Жетисай

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз