Ұзынағашта өлтірілген ағайындылардың жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды (фото)
2016 ж. 27 қыркүйек
4001
0
Алматы облысында аяусыз өлтірілген ағайындылардың жерлеуіне жүздеген адам жиналды. Ағайындылардың жақындары қоғамнан жағдайды ушықтырмай, полицейлердің тергеу жүргізуіне мүмкіндік беруді сұрады. Бұл туралы BNews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Еске салсақ, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.
Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Жарқынбек Долданұлы (1979 жылы туған), Мұқият Зарлыханұлы (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. Содан із-түзсіз жоғалып кеткен. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.
24 қыркүйекте Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі із-түзсіз жоғалған үш ағайындының өліміне қатысты күдіктілер ұсталғанын хабарлады.