Ақтөбеде екі шекарашы 19 жастағы қызды зорлаған
2016 ж. 26 қыркүйек
3289
0
ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2030 әскери бөлімінің екі әскери қызметшісі түнгі уақытта 19 жастағы бойжеткенді зорлаған,-деп хабарлайды «Қамшы» порталы aktobetimes.kz-ке сілтеме жасап.
Әйтеке би ауданы Тереңсай ауылында тұратын 24 және 26 жастағы жігіттер кешкі тоғыз жарымдар шамасында Әйке ауылында тұратын қызды кездестіреді. Нәпсісін тыя алмаған «отан қорғаушылар» жас қызға бірден бас салған. Азғындар бойжеткенді түні бойы зорлап, тек таңғы бесте ғана босатқан. Полицейлер зорлаушыларды ізін суытпай жатып құрықтады. Екі жігіт те өз кінәларын мойындап отыр.