Алматы облысында жоғалған үш азаматтың қайтыс болғаны хабарланды (ВИДЕО)

үш жігіт

Алматы облысы Жамбыл ауданында өткен жексенбіде жоғалған мал саудасымен айналысатын үш жігіттің қайтыс болғаны белгілі болды. Ол туралы полиция марқұмдардың туыстарына естірткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Сондай-ақ полиция осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адамды тұтқындаған. Естеріңізге салсақ, 1979 жылғы Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттер Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан 40 бас мал сатып алып, оны екі жүк көлігімен 17 қыркүйек, сенбі күні, Алматы маңындағы Ұзынағаш базарына шығарған. Содан бері туыстары ол азаматтардың еш хабарын біле алмай, іздеу салған болатын. Кеше жоғалған азаматтар мал тиеп кеткен екі көліктің және жоғалған жігіттер базарға алып шыққан 40 бас ірі қараның 35 басы табылғаны туралы жазған болатынбыз.