Ұзынағашта жоғалған үш жігіттің 35 бас малы табылды

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үлгілі ауылынан өткен жексенбі, яғни, 18 қыркүйекте Ұзынағаш базарына мал сатуға шығып жоғалып кеткен үш жігітке тиесілі малдың 35 басы табылды деп хабардайды Baq.kz тілшісі.

Әзірге із-түссіз жоғалып кеткен үш жігіт туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне жоғалған жігіттердің туысы Адал Зарлыханұлы айтып берді. Тергеу амалдарына байланыты кейбір ақпараттарды полицейлер құпия ұстауда.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Ал кеше олардың екінші жүк көлігі табылған болатын. Көлік Жамбыл ауданына қарасты Дегерес ауылы маңынан екінші жүк көлігі табылды. Оларды іздеуге 200-ден астам ерікті шыққан болатын.