Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған
2016 ж. 18 қыркүйек
4178
1
КТК арнасында "сыра патшасы" Тоқтар Төлешов пен оның тобының өмірі жайлы баяндалған "Шымкентский беспредел" деп аталатын фильм жарық көрді деп хабарлайды NUR.KZ.
Мұндай ауқымды салтанатты кештерді Шымкентте әлі ешкім көрмеген. Кешке келген құтты қонақтарын Төлешовтің жеке өзі қарсы алып отырған. Жоғарғы санаттағы көліктермен тек оның жақын достары ғана салтанатты кешке келген.
Мәселен "Дядя Ильяс" лақап атымен танымал қылмыс беделдісі Ілияс Сұлтанов, оның ізімен Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ілияс Бақтыбаев. Топтың тағы бір мүшесі Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясының экс-басшысы Хибратулла Досқалиевты байқауға болады.
Кешке шақырылғандардың арасынан көптеген жергілікті шенділерді де көруге болады. Ал Ресейден отставкадағы офицерлер, Пушкиннің ұрпақтары, князь графтары, Монтенегро және Македония ханзадалары шақырылған.
Олар қандай-да бір мемлекеттік маңызы бар оқиға үшін емес, керісінше, Төлешовтің қызы-Айткүлді ұзату үшін жиналған. Бойжеткеннің әкесі салтанатты мереке үшін 700 мың долларын аяған жоқ.
Қолөнершілерге арнап салынған қалашықта ең беделді тұлғалардың көңілін халық өнерпаздары көтеруде. Алып шатырлардың астынан мемлекеттік оркестр мен театр әртістерін байқауға болады.
Сахнаға граф Петр Шереметев шықты.
«Достар, қымбатты қожайын, мен өз бокалымды бізді осындай дарқандылықпен қарсы алып жатқан біздің қожайынымызға алғыс білдіру үшін көтеремін", - дейді граф.
«Тоқтар Жүсіпов мен сізге басымды ием, сіз ерекше жансыз", - дейді сахнаға шыққан өзге граф.
Өз кезегінде Төлешовтің қуаныштан жүзі балбұл жанып, оған барлығы қошемет көрсетіп, қол соғады. Ол үшін шенеуніктер, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері әдемі сөздерін арнап, тост көтереді. "Сыра патшасын" жұлдыздар да сыйлайды. Мәселен Кузьмин мен Малинин.
«Дәл мені шақырғаныңыз сіздің көркемдік талғамыңызды көрсетіп тұр", - дейді Малинин.
Бұндай сөздер үшін Төлешов гонорарға келгенде еш сараңдық танытпайды. Бұл кештің қызығын итальяндық әнші Риккардо Фольиде жандыра түсті.
Төлешовтер, егер қаласа, қала көшелерімен полицияның еруімен жүретін, егер қажет болса, тіпті жолды жауып тастауға қауқары жететін. Мысалы Шымкенттің басты алаңындағы көлік қозғалысын тежеді: Себебі күймеде Төлешовтің қыздарының бірі келе жатты. Кішкентай қыз бала бақытты, әкесі де дән риза.
Айрықша жабдықталған бөлмеде жастардың көңілін Иван Дорн, Марсель тобы, Тимати секілді ресей жұлдыздары мен тележүргізушілері көтеретін.
«Менің әкем осы өмірдегі ең сыйлы адам. Мен оны барлығынан қадір тұтам, әкемнен басқа адамды құрмет тұтып көрген жоқпын. Мен басқа адамды құрмет тұтпаймын деп үміттенем", - деп өз ойын айтып тастады Төлешовтің ортаншы қызы Севиль.
Севиль қандай нәрсе жасаса да ол ешбір жауапқа тартылмаған. Әкесі қызының Шымкентте жасаған әрекеттеріне көз жұма қараған.
Тоқтар Төлешовтің қызы сыра зауытының дәл қасында тұрған. Арнайы ол үшін ішінде барлық жағдайы жасалған үй-жай тұрғызған.
Төлешовтер отбасы қалада жоғары санаттағы көліктермен жүріп-тұрған. Олардың орасан зор автотұрағында кез келген автокөлікті табуға болатын.
Төлешовтің коллекцияларындағы картиналар секілді тек бір ғана Rolls-Royce-тің өзі қыруар қаржы тұрады.
Миллионердің тағы бір коллекция - 30 асыл тұқымды айғыр.
Мекеме ай сайын Төлешовтердің отбасын асырау үшін 60 млн теңге жұмсайтын. Ол кірістерді әділетті бөліп жатқанына барлығын сендіретін.
Бұл ретте сыра зауытының қызметкерлері тиын ғана алатын, тіпті айлап жалақы да алмайтын. Олар өздерін құл секілді сезінетінін де айтады.
Ал жұмыстан кетуге ешкімнің батылы бармаған. Олар Шымкентте басқа жұмыс таппай қаламыз ба деп қорыққан, тіпті, жай жұмыстан кете салуға да үреймен қарағынын айтады.