Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр
2016 ж. 17 қыркүйек
3089
1
Еліміздің солтүстігінде "Қазақстанның қалалары мен көше атауларын қазақшаға өзгертетін болса референдум өткіземіз" деп бастама көтерген азамат сотталып жатыр деп хабарлайды 31 арна.

Сотта айтылғандай 37 жастағы Игорь Чуприна 2014 және 2015 жылдары өзінің "Bконтакте" әлеуметтік парақшасында халық арасындағы алауыздықты тудыратын жазбаларды үнемі үздіксіз жариялап отырған.
Әсіресе, Петропавлдағы ауылдар мен көше атауларының қазақ тіліне өзгеруіне қарсы болып, "Вконтакте" парақшасында өзіне жақтастар іздеген. Аталмыш жазбалар көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырған.
"Менің "Ояныңдар, референдум" дегені қатты жаныма батты. Мен бұны өзіме ұлттық қауіп ретінде қабылдадым", - дейді куәгер Данияр Әбжикеев.