Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асса да, арамызда «орысқұлдар» — өз елімізде өзегімізден теуіп, өгей етіп, ашықтан ашық қазаққа қожа болғысы келетіндер бар. Осындай кесепатты жайт жуырда қазақтың мәдени ордасы — Шығыс өңірінде орын алды. Бұл туралы 365info.kz хабарлайды. Мұндайды бірден түбірінен кесіп, алдын алмасақ, онда ел арасына от салғандар баршаға үлгі болған қазақтың бірлігін бүлдіріп тынатын түрі бар.
Бақыт Смағұл
„Қазақ елінің шығысында казактар біздің бабаларымызды жаулаған Ермактың мерейтойын тойлап жатыр.
Крестерін тағынып, қылыштарын жалаңдатып, тайраңдаған казактар осы әрекеттерімен қазақты, қазақтың елін, оның Елбасын басынып отыр деп ойлаймын„,
— деп жазады белгілі журналист Бақыт Смағұл Facebook-тегі жеке парақшасында.
Бұл тойда казактар ұлықтаған идеологияның шашбауын көтеріп жүрген орыс поптарының жүргені де айтылады.
„Құды Ресейде жүргендей еркінсиді. Сол Ермакты қазақтың батыры Сәтбек итке талатып өлтіргенін олар біле ме екен?!
Бізге жауығып келгеннің де мерейтойын тойлауға рұқсат беру елдігімізге сына болып қағылады.
Меніңше, ел билігіндегілер казак ұйымдарының қылыш асынып, саяси оқиғаларды қоздыруына тоқтау салуы керек. Олар өздерінің хәлауләйларын айтып жүре берсін. Оған ешкім тыйым салып отырған жоқ қой. Ал, мыналары, шынымен, қазақты тағы бір мазақ ету деп білемін. Елдің бірлігіне от жағу деп түсінемін.
Казактардың арасында поптар не істеп жүр? Орыстың діндарлары да саясаттың отын көсейтін болған ба?
Егер сол орында мұсылман дінінің, не қазақ ұлтының өкілі болсыншы, осындағы орыстар да, өзіміздің құқық қорғаушылар да таяқ ала жүгірер еді„, — деп жазады ел ағасы.
Бақыт Смағұл бұл арада
қазақтың ұлттық мәселесі көтерілсе, ұлтшыл қылып, басқалар шовинистік әрекет етіп жатса, ұлтаралық достық етіп шығара қоятын, ең алдымен, елдің билігіндегілер кінәлі
деп санайды. Оның пікірінше, өзінің емес, өзге этностың бетіне қарап қалатын биліктің жалтақтығынан біздегі бірқатар айтулы даталар қажетті деңгейде тойланып, насихатталмай жатыр.
„Ал, ұлт көсемі Әлиханның биылғы 150, ұлт-азаттық көтерілісінің 100 және Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдықтары неге осылай аталып өтпейді? Мұнымен біз ел болмаймыз.
Өз ішіміздегілер осылай басынса, тарихымызға мұрнын шүйіріп қараса, басқалар не істемейді?
Ел болғымыз келсе, мына тайраңбайларға тоқтау салу керек„ — дейді журналист.
Көтерілген бұл мәселе бүкіл қазақтың өкпесімен үндес екені ақиқат. Расында, дүркіреген тойға қарап, басқасын айтпағанда, өзіңді өз елінде емес, Ресейде жүргендей сезінеді екенсіз. Сондықтан, ең алдымен, казактарды тайраңдатып, қазақтардың намысын таптатқан шығыс өңірдің басшысы Даниал Ахметовтың осы мәселеге назар аударуын сұраймыз. Өйткені мұндай жиын-тойлар әкімдіктің рұқсатынсыз өткізілмейтіні белгілі ғой.
Одан кейін Қазақ билігіндегі идеологияға жауаптылар осы ұйымның біздің елдегі қызметінің қаншалықты заңды-заңсыздығын, тіпті, тарихи тұрғыда қаншалықты біздің жерді басып жүруге болатын-болмайтынын бір тезден өткізіп, қоғамға бір жауабын берсе дейміз. Бұл — көптің көкейін тескен мәселенің бірі екенін баса айтқан жөн.
16 ПІКІРЛЕР
Осындаи келенисиз окигаларды естип корген де озегин ортенеди амал бар арекет жок кур созбен тынамыз окиниш
Ауыз бірліктің жоқтығы ғой соқыр үкіметтен не пайда .
БЕРДІБЕК АҒА ҰЛТЖАНДЫ КІСІ .ҚОЛЫНАН КЕЛГЕНІН ІСТЕП ЖАТЫР.МҮМКІН ТАПСЫРЫС СОЛАИ ШЫҒАР.
ӨКІНІШТІ. ƏТТЕҢ ƏТТЕҢ.
Кезінде Ермактың ескерткішін құлатқан ,, Азатты » билік ыдыратып тынды .Енді мына тайраңбайларға жауап берер күш те жоқ .
Төбесімен көк тіреген Ермактың ескерткішін Ертіске батырған ер азамат қайда? Тірі ме, соны шақыру керек.
Сақ 17 қыркүйек, 2016, 08:23 Нет такой нации “Казак” …………………………СОГЛАСЕН !!!
Біздің жемқор адыраңбай полицайлар ауылдағы жұмыссыз жуас қазақтарды ұрып соғып, соларға күш көрсеткенді ғана біледі. Ал мына шовиктерді тайраңдатпай, бесігінде тұншықтыру керек еді. Алдын ала басып, рұқсат бермеу керек. Сондағы бишікештер, ел қауіпсізігін бақылайтын үш əріптер ай қарап отыр ма!?

Қазақстандағы казактардың атаманы кім екенін білмей ме мынаны жазған адам?
Құлдық сана кетпейді екен ғой…..млиса қорғаным қайда қалды осындайда,жоғарыдағылардың жарлығы солай болып тұр бірақ….күшейіп алады ,алдын алмаса,ашықтан жерге таласып тұр..
Даниал деген кім ол өзі?
Даниал Ахметов қайда қарап отыр?
Толеранттылық-деген осы. Енді атаман Дутовтың мерейтойын ел болып өткізсек-бейбітшіліктің бесігіне бүкіл әлем қол соғады.Мәртебеміз асқақтайды. Алайда бабалар әруағы-ынжық қасиетсіз ұрпағына…
Осындаи келенисиз окигаларды естип корген де озегин ортенеди амал бар арекет жок кур созбен тынамыз окиниш
Ауыз бірліктің жоқтығы ғой соқыр үкіметтен не пайда .
БЕРДІБЕК АҒА ҰЛТЖАНДЫ КІСІ .ҚОЛЫНАН КЕЛГЕНІН ІСТЕП ЖАТЫР.МҮМКІН ТАПСЫРЫС СОЛАИ ШЫҒАР.
ӨКІНІШТІ. ƏТТЕҢ ƏТТЕҢ.
Кезінде Ермактың ескерткішін құлатқан
,, Азатты » билік ыдыратып тынды .Енді
мына тайраңбайларға жауап берер күш
те жоқ .
Төбесімен көк тіреген Ермактың ескерткішін Ертіске батырған ер азамат қайда? Тірі ме, соны шақыру керек.
Сақ 17 қыркүйек, 2016, 08:23
Нет такой нации “Казак” …………………………СОГЛАСЕН !!!