Қазақстандық бойжеткен әлемдегі ең сұлу он арудың тізіміне енді (фото)
2016 ж. 15 қыркүйек
2514
0
Қазақстандық Зарина Загидуллина "Ғаламшардың кербез аруы - 2016" титулын иеленіп, Батумиде өткен сұлулық байқауында әлемнің ең сұлу он аруының тізіміне енді. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Бойжеткен Грузияда өткен «Ғаламшар аруы-2016» байқауында көз сүрінер көркімен жұртты өзіне қаратқан. Түркістанда туған бойжеткен мектепті Қазақстанда бітірген. Бүгінде Казаньда білім алып, түрлі сұлулық байқауларына қатысып жүр. Батумидегі сұлулық байқауында қазақстандық бойжеткен ең кербез ару деп танылды.
Мектепті кілең бестікке оқыған бойжеткен көркімен ғана емес, ақылымен де мақтана алады. Бүгінде ол ресейлік стипендияның қаржысына институтта "Банк ісі" мамандығы бойынша білім алуда.
Светлана Абдрашитованың материалынан аударылды.