Салафит ағымын мемлекетке зиян бағыт есебінде заңмен тыйым салу керек
2016 ж. 08 қыркүйек
3508
1
Бұдан бірер жылдар бұрын терроризм Таяу Шығыс, АҚШ, Батыс елдеріне тән құбылыс болып танылып келген. Бұндай экстремистік әрекеттер біздің елде орын алуы мүмкін емес сияқты көрінетін. Бірақ, соңғы кездерде Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласындағы террористік әрекеттер халықты қобалжыта бастады. Бұл террористерді ұйымдарстырған салафизм діни бағытының өкілдері болып табылып отыр.
Діни радикализм біздің елде негізі қалана бастағанына он-он бес жылдың көлемі болды. Пакистан, Араб елдерінде діни медреселерді тәмамдап келген жастарымыз осы жат бағыттың құрбанына айналып отыр. Қазақ халқы ежелден діннің жолында фанатизмге берілмеген, ақылын жоғалтқан халық емес. Салафизм бағытын ұстанған жастардың саны елімізде куннен-күнге артып келеді. Елдің зиялы қауым өкілдері салафиттерге тыйым салу жөнінде Елбасына үндеу де жазды. Саясаттанушы ғалым Әзімбай Ғали бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салафиттерге тыйым салу қажеттілігін айтты. Дінтанушы ғалым Досай Кенжетай салафизм ағымына жан-жақты талдау жасап, өз ұсыныстарын жасады.
Қоғамдағы әлеуметтік, саяси ахуалдарға талдау жасайтын, қоғамдық пікірлерді сараптамадан өткізіп, нақты шаралар белгілейтін мемлекеттік мекемелер мен ғылыми орталықтар үнсіз отыр. Жоғарыдағылардың негізінде, салафит ағымына халыққа жат, мемлекетке зиян бағыт есебінде заңмен тыйым салуды ұсынамыз.
Құдияр ИБРАЕВ "Ақ жол" партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары qazaquni.kz