Қызылорда облысында тікұшақ құлады
2016 ж. 07 қыркүйек
1759
0
Жетінші қыркүйек күні Қызылорда облысында «Евро-Азия Эйр» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы құлады. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі KazTransOil қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Түрлі жарақаттар алып, зардап шеккен төрт қызметкер медициналық тексерістен өту үшін Қызылордаға жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.