Қазыбек Иса: САЯСАТКЕР ЕҢ АЛДЫМЕН ҰЛТШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК!

14
4772

Жуырда, 31 тамыз күні  қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса «Алматы» телеарнасының «Өткір тіл» бағдарламасында қонақта болып, бүгінгі күннің ең өзекті деген мәселелерін көтерді. Олардың қатарында биліктегі әділетсіздіктер, сайлау туралы заңның олқылықтары мен ұлттық мүдде үшін күрес секілді өткір мәселелер талқыға салынды.

Сұхбаттың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

qazaquni.kz

Дереккөз: almaty.tv

14 ПІКІРЛЕР

  1. Саясаткер алдымен адам болуы керек, кейін өз ұлтының ұлы, сонда ғана адамзаттың үйлесілімдігі өрнек таппақ. «Ұлтшыл» деу арнайы ұғым, кеңес кезінде алаштықтарды айыптау үшін болса, қазір ұлт қамын ойлайтындарды көзге шыққан сүйел етіп қоғамға теріс сипатта көрсету үшін. Нонсенс.

  2. Қазыбек, аға, қарлығаштың қанатымен су сепкендей шырылдап жүргеніңізді еліңіз біледі.Аллам денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік берсін. Барлығын біліп отырсақта «іш қазандай қайнайды,күресуге дәрмен жоқ»-тың керімен амалсызбыз…….
    Аман болыңызшы……

  3. Бір қуанатынымыз Қазыбек Иса өзінің ұлт үшін күресін табанды түрде қайсарлықпен жүргізіп келеді.Композитор Қалдыбек Құрманәлі айтып еді Қазекеңнің 50 жылдығында:» Қазыбек Исаға парламент керек емес – парламентке Қазыбек Иса керек!»-деп. Сол сөзге 100 пайыз қосыламыз.

  4. Бір Алла біледі кім кедергі жасағанын. Әйтеуір халық Қазыбек Исаны біледі ұлт күрескері деп. Ақынның жүзі ел алдында жарық. Әркім өз ісіне жауап беретін болады алда. Мусин бе, Нығматуллин бе, Перуашев па, кім болса да…

  5. Достың айтқанын оқып жүрегім ауырады. Қолдан келері не.. Тек бар болғаны, осы партиядан ұлтшылдық іс-шаралар көріп отырғанымызға тәубе қыламыз. Жылы лебізіңе рахмет, айналдым бауырым!

  6. Казеке,,, Азаттын сизди пайдаланып жургенин жаксы билесиз,,, Судан откенше… Сизге неге мандаттын биреуин бермейтинин билмейсиз… Батыр ангал деген рас-ау? Осы пикирлериниз ушин!!! АП откизбеди дегенге али иланып журсиз…

  7. Раxмет, Руза апай! Жақсы беріпті, «Алматы» арнасының «Өткір тіл» xабарының атына сай батылдығын атап айту керек. Нартай бауырым да жақсылап зерттепті кейіпкерін…. Дегенмен, сұxбатқа сыймай қалған сұрақ –жауаптардың бірі : «Бүгінгі күннің қаhарманы кімдер?»- деген сұраққа : «Бүгінгі күннің қаxармандары – ұлттық мүддені қорғап, тіл үшін, жер үшін, ел үшін күресіп жүрген ұлтшылдар! Бүгінгі күннің қаxарманы – Керекуде тіл үшін шырылдап, әкімдіктердің атқаратын ісін жалақысыз жалғыз өзі атқарып жүрген Руза Бейсенбайтегі»- деген жауап берілген болатын… Сонымен бірге тіл туралы өткір сұрақ– жауаптар сыймай қалыпты…

  8. Ақжолдың бедел негізі осы партиядағы ұлтшылдардың болуына байланысты. Перуашев біледі, қалай дауыс/ұпай жинауды). Сайлау туралы өте дұрыс айтылды. Оны өзім де басымнан өткіздім, бір ұлтшыл баланы өткіземіз деп, қалалық маслихатқа). Сосын басқаның жетістіктерін билік өздерінікі деп іске қосатыны 100 пайыз. Бұны Керекуде де көріп жүрміз). Титтей ұлтшылдықты көрсе соған құлай кетеді деген деген де рас. Бұл жерде жылағым да келіп кетті… Ұлтшылдық -ол мемлекетшілдік деген сөз, сайып келгенде.. Өте дұрыс айтылғаны, басқа пиғылдағылар, тіпті шовинстік, ұлттық мемлекеттілікке қарсылар да өте алады (солай ұғам мен). Ең қитұрқылығы солғой, мына, ұлтсызданған биліктің істеп отырғаны. Бірақ ешқайда кетпеңіз, бауырым, сіз халыққа керексіз!

  9. Ұлтшылдықты жау көретін, атасының атын қазақша айтуға, тегін қазақша жазуға қорқатын орысқұлдар жоғарыда отырғанда жоғарыға жол жоқ қой саған Қазеке!

  10. Қазыбек Исаның осы «САЯСАТКЕР ЕҢ АЛДЫМЕН ҰЛТШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК!»-деген сөзін Ақ ордаға, Үкіметүйіне, Парламентке, министрліктер мен әкімдіктерге, барлық мемлекеттік мекемелердің маңдайшасына үлкен әріптермен жазып қою керек!

  11. Қазыбек Иса: САЯСАТКЕР ЕҢ АЛДЫМЕН ҰЛТШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК!
    Жуырда, 31 тамыз күні қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса “Алматы” телеарнасының “Өткір тіл” бағдарламасында қонақта болып, бүгінгі күннің ең өзекті деген мәселелерін көтерді. Олардың қатарында биліктегі әділетсіздіктер, сайлау туралы заңның олқылықтары мен ұлттық мүдде үшін күрес секілді өткір мәселелер талқыға салынды.
    Сұхбаттың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
    http://www.qazaquni.kz/2016/09/06/57454.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз