«ҚАРА МАЙОРДЫ» НЕГЕ ҰМЫТАМЫЗ?

Кеше екі адамға «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Елбасы жарлығы шықты. Оның бірі алдыңғы шассисіз «Fokker -100» ұшағын Астана әуе жайына қондырған кеме командирі Олег Родин болса, екіншісі детонацияланған гранаттан жауынгерді қорғап өзі жаралы болған 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қайрат Үмбетов. Бұған ешқандай дауымыз жоқ.

Картинки по запросу қара майор

Қайрат Жарылқасынұлы бір жауынгердің өмірін қорғап қалса Ауғанстан соғысында ондаған жауынгердің өмірін қорғап, командирлік біліктілігімен бүкіл аймақты мойындатқан, «Қара майор» атанған Борис Төкенұлы Керімбаевтың қаһармандық істері неге ұмыт қалады? Оны кезінде Ахмед Шах Масудтың өзі жоғары бағалаған. Басына 1 миллион афгани тіккен.

Борис Төкенұлы енді екі жылдан кейін 70-ке келеді. Алматы облысы Жамбыл ауданының тумасы. 1970 жылы әскери училищені тамамдап, түрлә әскери бөлімдерде қызмет етті. 1980-1983 жылдары Ауғанстанда шайқастар қызып тұрған шақта мұсылман батальонының командирі болды. Сауатты командир ұрыстарда көбіне ұтып отырды, жауынгерлерін мағынасыз түрде оққа байлаған жоқ. Шығындары өте аз болды. Оның ерлігі аңызға айналған. Есімі «Спецназ ГРУ СССР» деген кітаптағы тізім бойынша төртінші орында. 1992 жылы доғарысқа шықты. Ол туралы «Қара майор» деген фильм де түсірілді. Қазір оншалықты денсаулығы да жоқ. Осындай азаматымыз көзі тірісінде неге бағаланбайды? «Халық қаһарманы» атағына неге ілікпей жүр?

Марат Тоқашбаев,

Фейсбук парақшасынан алынды